Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 8 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Оралдағы түрмеде сотталғандар колония әкімшілігі азаптайтынын мәлімдеді
Наргиза Ерес жаңалық 21/02/2025

Оралдағы түрмеде сотталғандар колония әкімшілігі азаптайтынын мәлімдеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласындағы №28 қатаң режимдегі түзету мекемесінде сотталғандар колония қызметкерлерінің зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, бейнежазба таратты. Осы оқиға бойынша БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемеде тексеру жұмысы басталғанын растады.

Жәбірленушілердің айтуынша, мекеме қызметкерлері оларды суицидке итермелеген. Видеода колониядағы азаптау, қатыгездік және камера ішіндегі жағдай туралы баяндаған.

Сотталғандардың сөзінше, екі адамға арналған камераларда бес тұтқыннан отыр. Колонияда жазасын өтеп жатқандар антисанитариялық жағдайға байланысты колония басшылығына бірнеше рет шағымданған. Бірақ мекеме басшылығы ешқандай шара қолданбаған.

Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада өзін сотталушымын деп таныстырған ер адам камерада өздерін арандататыны жөнінде айтады.

«№28 мекеменің әкімшілігі сотталғандарды үнемі арандатуға тырысады. Біздің жазған шағымдарымыз бен өтініштеріміз ескерусіз қалады. Жағдайыма назар аударту үшін өзіме қол жұмсауға дейін бардым, қолымды кестім. Себебі санитарлық бөлімге қатысты да шағымым бар. Мен онкологиялық ауруға шалдыққан науқаспын, бірақ шағымдарым ешқайда жетпейді. Полиция мүлдем әрекетсіз», — деді ол.

Мұндай әрекетке шарасыздықтан барғанын айтып, көмек сұрады.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жазасын өтеушілер денесін жарақаттағанын хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысының № 28 түзету мекемесінде сотталғандар ұстау режиміне наразылық ретінде өздерінің денесіне болмашы жарақат салды. Медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент шағымданғандардың өзі қасақана тәртіп бұзды деп мәлімдеді. ҚАЖД дерегі бойынша колонияда ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеп жатыр. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру басталады.

2023 жылдың қыркүйек айында әлеуметтік желілерде Ақмола облысы Атбасар қаласындағы №1 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің азапталғаны туралы бейнежазбалар тарады. Бейнежазбаларда түрме қызметкерлерінің сотталғандарды ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Осы оқиғадан кейін түрменің 12 қызметкеріне қатысты «азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот процесі басталды. 2025 жылдың 12 ақпанында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің шешімімен аталған 12 қызметкерді ақтау туралы үкім шығарды. Алайда, 14 ақпанда облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Былтыр тамыз айында Оралдағы колонияда жазасын өтеушілердің бірі өзіне қол жұмсаған.

Сурет: Мой Город

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
№28 қатаң режимдегі мекеме колония Орал қаласы түрмедегі азаптау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025
жаңалық

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

05/05/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.