Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Сапа»Жол белгілерін үздіксіз тексеру — апат санын азайтады
Нұрлыбек Рахманов Сапа 21/09/2022

Жол белгілерін үздіксіз тексеру — апат санын азайтады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары Алматы көшелеріндегі екі жүздей жол белгілерін тексеріп, талапқа сай еместерін анықтады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

“Жол активтері ұлттық сапа орталығының” Алматы қалалық филиалының мамандары қала көшелеріндегі жол белгілері мен таңбаларды тексеруді жалғастырып жатыр. Себебі жолдағы қауіпсіздік үшін, жол апаттарын болдырмау үшін белгілердің маңызы зор. Зертхана мамандары арнайы құрылғылардың көмегімен белгілердің жарыққа шағылысу деңгейін анықтап, таңбалардың талапқа сай болуын қадағалауда.

«Жыл басынан бері ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының мамандары қаладағы үш ықшамауданда 200-ден астам жол белгілерінің жарық қайтару меншікті коэффициентінің көрсеткішін және орнату биіктігін арнайы құрал-жабдықтармен тексеріп, олардың ішінен жарық қайтару көрсеткіштері талапқа сай еместерін анықтады», — деп жазылған баспасөз хабарламада.

Қыркүйек айы басталғалы орталық мамандары Нұршашқан, Самғау, Құрамыс ықшамаудандарында тексеру жүргізді. Бұл аудандардағы жол белгілерін қоюшы компания «Альмерия» ЖШС. Тексеру барысында анықталған олқылықтарды түзету туралы хаттама мердігерлерге, жол қауіпсіздігіне жауапты ұйымдарға жолданады. Онда мердігер компания шұғыл түрде жол белгісін немесе таңбаны талапқа сай етіп қайта жасауға міндеттеледі. Мамандардың сөзінше, жол белгілері қозғалыс қауіпсіздігі үшін өте маңызды қызмет атқарады.

Алматы қаласында “Жол активтерінің ұлттық  сапа орталығының” бақылауында 3000 шақырымнан асатын жол бар.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Алматы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: күдікті қамауға алынды

27/03/2026
жаңалық

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік депортацияланды

27/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.