Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жылуға жарымаған Шахан тұрғындары үкіметтен көмек сұрайды
Арайлым Еркебаева sarapshy.info 05/02/2025

Жылуға жарымаған Шахан тұрғындары үкіметтен көмек сұрайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінің тұрғындары үйлеріне жеткілікті деңгейде жылу жетпей жатқанына наразы. Sarapshy.info порталының Қарағанды облысындағы тілшісі түйткілді тарқатады.

Шахан елді мекенінің тұрғындары қақаған қыс кезінде баспаналарында тоңып отыр. Үш жыл бұрын Шаханда жаңадан жылу қазандығы салынған. Сол кезде тұрғындардың қуанышында шек болмаған. Алайда бүгінгі таңда  олардың  биліктен көңілі қалып, қынжылып отыр.

Шахандықтар әуел баста жылу қазандығын салған кезде мамандар қателікке жол берген дейді. Жылу қазандығы салынған кезде жобадан орталық жылу нысанын алып тастаған. Осының кесірінен жылу Шахандағы үйлердің барлығына бірдей қалыпты деңгейде жетпейді. Суықтан қажыған тұрғындарға билік қосымша насос орнатып алуға кеңес берген. Амалы таусылған жұрт өз қаражаттарына насос қондырған. Алайда оған электр қуаты көп жұмсалады. Бұл жайт халықтың қалтасын қағып отыр. Жергілікті жұрт жылу ақысын толық төлейді, бұған қоса электр энергиясына тағы қаражат шығындайды.

«Жылу желісінде қысым жетіспейді, сондықтан үйлер салқын болып тұр. Қысымды көбейту үшін тұрғындар өз қаражаттарына насостар орнатқан, бірақ бұдан мәселе шешілген жоқ. Халық электр қуатына да көп ақша жұмсап отыр. Қазандықты салған кезде орталық жылу пунктісін алып тастаған, сол себепті жылу толық жетпейді. Бүгінде бұл жоба дайын, бірақ оған қаражат бөлінбеген. Біз арыз-шағымымызды Премьер-министрге жолдадық. Бірақ бұл әрекетімізден пайда болған жоқ, олар біздің арызды облыс әкімдігіне жіберген. Біздің биліктің жұмыс тәсілі осы ғой, құзырлы органға көмек сұрап, хат жазасаң, олар өңірге кері жолдай салады. Не үшін олай істейді, түсінбеймін, бәрібір қаражатты бөлетін республикалық деңгейдегі ведмстволар ғой», — деп қынжылады Шахан қаласының тұрғыны Светлана Ержұманова.

Осылайша кент тұрғындарының жартысынан көбі жылуға жарымай отыр. Ал Шахтинск қаласының әкімдігі елді мекенді жылытатын қазандықтың температуралық кестені сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын әрі көмір қорының жеткілікті деңгейде екенін мәлімдеді. Ал жылу деңгейін көтеруге қажетті орталық жылу нысанын жобаға енгізу үшін шенеуніктер әрекет етудеміз дейді.

«Шахтинск қаласының құрылыс бөлімінде «Шахан кентінде жылу желілерін салу» жобасы бар. Жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы берілген. Жобаны іске асыру мақсатында бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жіберілді. Бюджеттік өтінім бүгінде қаралуда. Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес жобаның құны 1 021 829 000 теңгені құрайды», — деп хабарлады Шахтинск қаласының әкімдігі.

Шахан елді мекенінде 2 500-ге жуық абонент жылу желілеріне қосылған. Әкімдік мамандары былтыр жылыту маусымына дайындық жеткілікті деңгейде орындалған деп отыр. Дегенмен Шахан тұрғындары кентте орталық жылу желісіне қосылмай қалған жер үйлердің бар екенін,  олардан таралған түтін қала экологиясын нашарлатып тұрғанын да айтады.

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарында Шахандағы бес қабатты үйде жылу қазандығы жарылды. Соның салдарынан тоғыз адам мерт болды. Оның үшеуі – балалар. Сол жылы жылу жүйесіне жауапты шенеуніктер сотталды.

 

Сурет: gov.kz

Автор

  • Арайлым Еркебаева

    филолог, журналист. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы "5 арна" телекомпаниясында журналист болып бастаған. "Жас Алаш" республикалық газетінде, Inbusiness.kz сайтында тілші болды. 2024 жылдан бастап sarapshy.info порталының тілшісі.

    Барлығын қарау
жылу жетпейді Қарағанды облысы Шахан кентінде жылу желілерін салу Шахтинск қаласы электр қуаты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.