Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Премьер-министр БҚО әкіміне автожол сапасын жақсарту керектігін ескертті
Наргиза Ерес sarapshy.info 04/02/2025

Премьер-министр БҚО әкіміне автожол сапасын жақсарту керектігін ескертті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысындағы жол сапасы мен жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға қатысты сын айтылды.

Қазақстандағы автожол желісін кеңейту жоспарлары талқыланған отырыста Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төрегалиевтің сөзінен кейін үкімет басшысы оған ескерту жасады.

«Жыл сайын жақсы жолдардың үлесі артуы керек. Ал сізде, керісінше, төмендеп барады. Мәселелерді республикалық деңгейде ғана көтермей, оларды шешу қажет. Ол үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржыландыру қарастырылуы керек. Барлық мәселелерді шешіңіз», — деді Бектенов.

Өткен жылы азаматтардан жолдар мен көшелер мәселесіне қатысты ресми түрде 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен.

Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімін кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс.

 «Жергілікті жолдарға баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы», — дейді Олжас Бектенов.

2025 жылдың алғашқы айында республика бойынша трассалардағы жол-көлік апаты жиі болды.

2023 жылдың көрсеткішіне қарағанда 2024 жылы жол-көлік статистикасы 2 есе өскен. Құқықтық статистика комитетінің ресми мәліметі бойынша, 2024 жылдың 12 айында Қазақстан бойынша 31597 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен  (15 886 жол-көлік оқиғасы) салыстырғанда екі есе көп.

Елдегі жол құрылысының қарқынына тұрғындардың көңілі толмайды. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік мониторингі кезінде респонденттердің 69%–ы жол құрылысына нашар деп санайтынын айтты.

Осыған дейін  сапасыз жол салдарынан көлігіне зақым келтірген Орал қаласының тұрғыны автожолды уақтылы жөндемеген әкімдіктен көлік шығынын өндіріп алды.

 

Сурет: caravan.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
автожол желісі Батыс Қазақстан Жергілікті бюджет Жол сапасы Нариман Төрегалиев трассалардағы жол-көлік апаты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.