Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-дағы кей аудан су тасқынына дайын емес. Әкімдерге сөгіс жарияланды
Наргиза Ерес sarapshy.info 04/02/2025

БҚО-дағы кей аудан су тасқынына дайын емес. Әкімдерге сөгіс жарияланды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-ның кей аудандары көктемгі су тасқынына дайын емес. Орал қаласы мен Қаратөбе ауданының әкімдеріне сөгіс жарияланып, бірқатар басқарма басшыларына ескерту берілді. Олардың су тасқынына дайындық жұмыстарында олқылықтар анықталған.

Өңірде су тасқыны қаупі жоғары болғанымен, тиісті шаралар уақытында атқарылмаған. Орал қаласында өзен жағалауындағы бөгеттердің құрылысы аяқталмаған, кейбірі тіпті басталмаған. Ал соңғы екі жыл қатарынан ауылдарды су басу қаупі жоғары Қаратөбе ауданында өзен жағалауы әлі де бекітілмеген, су бұру каналдары жөнделмеген.

Тексеру нәтижесінде барлық 102 гидротехникалық нысанның тек 36-сы ғана мемлекет меншігіне алынғаны белгілі болды. Бұл тапсырманы орындамаған облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысына ескерту берілді. Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мұз жару іс-шараларына қатысты конкурсты әлі жарияламағаны анықталды.

Қазіргі уақытта БҚО-да Орал қаласы мен 9 ауданда су тасу қаупі сақталып отыр.

Ресейдің кей облысында жылымық басталды

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, көршілес жатқан Ресейде қазірдің өзінде судың шамадан тыс деңгейден көтерілуі байқалған.  Ресейдегі қысқы су тасқыны рекордтық көрсеткішке жетіп, өзендер әдеттегіден үш ай бұрын арнасынан асып жатыр. Орынбор облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 13 см-ге көтерілді. Билік 2025 жылдың басында су деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермеу үшін Ириклин су торабы арқылы суды ағызып жатқанын мәлімдеуде.

Мамандар Есіл, Ертіс және Орал өзендерінің негізгі бассейндеріндегі қардағы ылғал мөлшерін бақылауда ұстайды. Бұған дейін Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Қорған, Түмен және Мурманск облыстарында көктемгі су тасқынының қаупі артып отырғанын атап өтті. Шекаралас Алтай өңірінде де су деңгейінің көтерілу ықтималдығы жоғары.

 

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
бөгет салынбаған гидротехникалық нысан Көктемгі су тасқыны Қаратөбе ауданы Орал қаласы сөгіс жариялады су тасқыны су тасу қауіпі бар ТЖМ Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.