Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 21 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Оралда 25 жыл бұрын адам өлтіргендер ұсталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 03/02/2025

Оралда 25 жыл бұрын адам өлтіргендер ұсталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Осыдан 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысы ашылды.

– Жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен оны орындаушы ұсталды. Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан, — деп мәлімдеді ІІМ.

Белгілісі қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

– Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегі қалпына келтіріліп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды, — деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Ресми статистика

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2024 жылы жалпы қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалды.

Ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% – ұрлық (30 593), 6,3% – есірткі қылмысы (8 363), 1,2% – тонау (1 551), 1,2% – бұзақылық (1 615), 0,8 % – мал ұрлығы (1 051), 0,4 % – адам өлтіру (566), 0,3% – зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар – 32,7% (43 462).

Бас прокуратураның дерегіне сүйенсек, онша ауыр емес қылмыстар – 7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр – 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар ұрлық – 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы – 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы – 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеген.

Сондай-ақ мал ұрлығы да – 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайған.

Суреттер: видеодан скриншот, Polisia.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 25 жыл бұрын адам өлтіргендер Ауыр қылмыс Бас прокуратура БҚО ІІМ Қайғылы оқиға Қанат Нұрмағамбетов Орал қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.