Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ұлттық қорға тәуелділікті азайту керек — Халықаралық Валюта Қоры
Наргиза Ерес sarapshy.info 01/02/2025

Ұлттық қорға тәуелділікті азайту керек — Халықаралық Валюта Қоры

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанға Ұлттық қорға тәуелдікті азайту керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы 2025 жылғы 31 қаңтарында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстанға жасалған миссияның қорытындысы бойынша Персонал есебінде (Staff Report) жариялады. 

Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы инфляция тұрақты деңгейге жеткенше қатаң ақша-кредит саясатын сақтауды ұсынды. Сонымен қатар экономиканың тұрақтылығын арттыру үшін құрылымдық реформаларды жеделдету қажет екені жазылған. 

Оның бірі экономиканы әртараптандыру – мұнайға тәуелдікті азайтып, басқа секторларды дамыту. Келесі ұсыныс мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту – жеке секторды дамытуға жағдай жасау. «Жасыл экономика» бастамаларын іске асыру – экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Ұлттық қорға тәуелділікті азайту – мемлекеттік қаржы жүйесін реформалау. Фискалдық шоғырландыру мен ашықтықты күшейту – бюджеттік саясаттың ашықтығын арттыру.

ХВҚ болжамы бойынша 2025 жылы Қазақстан экономикасы 5%-ға дейін өседі. Оған Теңіз мұнай кен орнын кеңейту және экономиканы қолдауға бағытталған бюджеттік шығыстар ықпал етеді дейді. Оған қоса кейбір тәуекел факторларын да атап өтті.

Бірінші, серіктес елдер экономикасының баяулауы. Екінші, аймақтағы геосаяси шиеленістер. Үшінші, қайталама санкциялар қаупі. Төртінші, шикізат бағасының құбылмалылығы және экспорттық құбырлардың тұрақсыз жұмысы.

ХВҚ Қазақстан экономикасының тұрақтылығын, инфляция деңгейінің төмендегенін және қолайлы макроэкономикалық жағдай қалыптасқан дейді. 

«ХВҚ Қазақстан экономикасының тұрақтылығын, инфляция деңгейінің төмендегенін, қолайлы макроэкономикалық жағдай қалыптасқанын және саяси тұрақтылық барын атап өтті. Есепте мемлекеттің ауқымды ішкі және сыртқы резервтері, ақша-кредит саясаты трансмиссиясының (әсері) соңғы жылдарда жақсарғаны және тұтынушылық кредиттеу өскеніне қарамастан банк жүйесінің тұрақты екені айтылады. Яғни, реттеушілік талаптарды сақтау және қайталама санкциялардың алдын алу аймақтық шиеленістердің экономикалық әсерін азайтуға ықпал етті», — делінген хабарламада.

ХВҚ Қазақстанның сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұруы үшін реформаларды жалғастыру маңызды екенін айтады. Экономиканы әртараптандыру, қаржылық тұрақтылықты нығайту және мемлекеттік басқаруды жетілдіру – негізгі басымдықтар ретінде көрсетіледі.

 

Сурет: Ашық дереккөзден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Жасыл экономика» Инфляция деңгейі макроэкономика реформа Ұлттық қор Халықаралық Валюта қоры ХВҚ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.