Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»ҰҚК департаментінің экс-басшысы қорғауына алған «Дикий Арман» сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/01/2025

ҰҚК департаментінің экс-басшысы қорғауына алған «Дикий Арман» сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған 40-тан аса азаматқа сот үкімін шығарды.

Оның ішінде «Дикий Арман» деп танылған Арман Жұмагелдиев 20 жылға, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген  8 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Исқақов 15 жыл 6 айға сотталды.

Сот хабарламасында:  «2022 жылдың басында Исқақов, Жұмагелдиев және экс-депутат Құдайберген билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушылары болды», — деп көрсетілген.

ҰҚК өкілі Жұмагелдиевті қорғауға уәде берген

 Соттың мәліметінше 2016 жылы ҰҚК-ның 5-департаменті басшысының орынбасары болған Исқақов ұлттық қауіпсіздік органдарының қолдауына кепілдік беремін деп уәде беріп, Жұмагелдиевті серіктестікке тартқан.

Сот дерегі бойынша Жұмагелиев 2017 жылдың бастап қылмыстық ұйымының қызметін Түркия Республикасында тұрып, қашықтықтан басқарған. Ол Қазақстан, Түркия және БАӘ-де, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мүшелерімен кездесу өткізіп тұрған.

«Жұмагелдиевтің тобы 34 жәбірленушіні ұрлап, ұрып-соғу әрекеттерін жасаған. Кейін, 24 ұсталған адам заңсыз түрде бір ЖШС-ның қоймаларында қамалған», — делінген сот хабарламасында.

Одан бөлек, «The Ritz Carlton Almaty» қонақ үйінің маңында, Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының шамамен 15 мүшесі оның бұйрығын орындап, өтіп бара жатқан автокөлікті тоқтатып, ішіндегі 5 азаматты түсіріп алған. Жолаушылардың бірін, шабуылдаушылар басынан балғамен ұрып, есінен тандырған», — деп көрсетілген.

Сонымен қатар Қайрат Құдайбергеннің 2022 жылы «Қазақстан» қонақ үйінде штаб құрып, оған Жұмагелдиевтің тобын шақырғаны, қарулы топтың және оларға қосылған басқа адамдардың әрекеттерін басқарғаны жазылған.

Сот Жұмагелдиев тобына (барлығы 13 адам) 10-15,5 жыл, ал жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан басқа тұлғаларға 1,5-7 жыл аралығында жаза тағайындады.

Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің «Билікті немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» (362-бап), «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу» (262-бап), «Тонау» (191-бап), «Заңсыз бас бостандығынан айыру» (126-бап), «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу» (272-бап), «Бандитизм» (268-бап) баптары бойынша айып тағылды.

Қаңтар оқиғасына қатысты басты сот талқылауы 2023 жылдың қазан айында басталған.

 

Сурет: sarapshy.info коллажы

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Бандитизм» «Дикий Арман» «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу» айыпталушылар Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы Руслан Исқақов тонау Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025
жаңалық

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

05/05/2025
жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.