Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қарағандыда 50-ден астам отбасы пәтерінен айырылып қалуы мүмкін
Арайлым Еркебаева sarapshy.info 22/01/2025

Қарағандыда 50-ден астам отбасы пәтерінен айырылып қалуы мүмкін

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс ауданында жаңадан салынған екі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғандардың басы дауға қалып отыр. Олардың арасында баспананың толық құнын құрылыс мердігеріне төлеп қойғандары да бар. Қонысты заңдастыру ісі созбалаңға салынып отыр. Бұл жөнінде Sarapshy.info порталының аталған облыстағы тілшісі хабарлады.

Кешендердегі пәтер құны шамамен 15-30 млн теңгені құрайды. 2023 жылы пайдалануға берілген 5 қабатты екі үйге орналасқан тұрғындар қоныстойын тойлап, тіпті пәтерлеріне жөндеу жұмысын жүргізген. Олар содан бері бұл үйде алаңсыз тұрып жатқан еді. Алайда жұрт осы уақытқа дейін пәтерлерінің құжатын рәсімдей алмаған. Бастапқыда бұл үйге қоныстанғанда алдын ала жасалған келісімшартты берген, кейін заңды түрде құжатты береміз деп уәде берген. Тұрғындар құжаттарын заңдастырамыз деп жүргенде, бір жыл бұрын, 2023 жылдың желтоқсан айында мердігер-компания басшысы қамауға алынған.

Содан бері құрылыс мердігерінің мүлкін тәркілеу бойынша сот процесі жалғасып келеді. Енді қараша халықтың өз атына рәсімдеп үлгермеген пәтерлері тәркіленуі мүмкін. Бастапқыда салымшылар бұл тұрғын үй кешендерінің рұқсатсыз салынғанынан бейхабар болған.

«Үйге тыйым салу шарасын алып тастау үшін аудандық сотқа жүгінген едік, олар біздің талап арызымызды қанағаттандырмады. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша облыстық сотқа жүгіндік. Аппеляциялық сот сатысы бұл істі 27 қаңтарда қарайды. Тұрғындардың ішінде баспана құнын 100 пайыз төлеп қойғандар бар. Біз үйді тәркілеуден босату үшін Азаматтық-процестік кодекстің 251-бабына сай жәбірленушілер құқығын қорғауды қолға алдық. Соған сәйкес үйді тәркілеуден босатуды баспананың қожайыны ғана емес, алдын ала жасалған келісімшарттың қатысушылары да талап ете алады. Ал сотта керісінше тұрғындарға пәтерлерді өз аттарыңа аударып алыңдар, сосын талап етіңдер дейді. Егер халыққа қызмет көрсету орталығының базасынан «үйге тыйым салу шарасы қолданылды» деп ақпарат шығып тұрса, біз қалай құжат жасаймыз», — дейді тұрғындардың адвокаты Ирина Маленко.

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша құрылыс салушы компанияның директоры уақытша қамау изоляторында отыр. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс әлі сотқа жолданбаған.

«Қайда баратынымызды білмеймін, 20 млн теңге жұмсап алған пәтерімнен айырылып қалайын деп отырмын. Мына мемлекетте заң бар ма өзі? Қайда барамыз, соттан ол пайда болмай тұр. Әділдік деген болу керек қой. Осыдан пәтерді сатып жіберсін, біз соңына дейін барамыз», — деп ашынды үй кешеніндегі тұрғын Әлібек Аманбай.

Айта кетейік, құрылыс салушы компания директорының өзге мердігерлер алдындағы қарызы 110 млн теңгеден асып кеткен.

Сурет: Pixabay.com

 

 

Автор

  • Арайлым Еркебаева

    филолог, журналист. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы "5 арна" телекомпаниясында журналист болып бастаған. "Жас Алаш" республикалық газетінде, Inbusiness.kz сайтында тілші болды. 2024 жылдан бастап sarapshy.info порталының тілшісі.

    Барлығын қарау
алаяқтық Аппеляциялық сот Басты ақпарат Қарағанды қаласы құрылыс салушы компания Мердігер компания пәтер Үшінші ақпарат халыққа қызмет көрсету орталығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.