Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ханболат Назарбаев Астанада заңсыз салынған нысанды бауырына сыйға берген
Наргиза Ерес sarapshy.info 20/01/2025

Ханболат Назарбаев Астанада заңсыз салынған нысанды бауырына сыйға берген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың ұлы Ханболат Назарбаев Астана қаласындағы заңсыз салынған ғимаратты бауыры Данияр Кесікбаевқа сыйға тартты.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры-бюросы Nege.Aqsha Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Данияр Кесікбаев пен Ханболат Назарбаевтың аналары бір, әкелері бөлек.

Оқиға қалай басталды?

2024 жылдың наурыз айында Ханболат Назарбаевқа Тәуелсіздік даңғылындағы заңсыз салынған сауда-ойын-сауық орталығы үшін айыппұл салынды. Бұрын бұл жерде қонақүй мен мейрамхана орналасқан. Аталған жер телімі 2020 жылдың ақпан айында Ханболаттың туған күніне сыйлыққа берілген. Ол сол жердегі қонақ үй мен мейрамхананы бұзып, оның орнына рұқсатсыз және алдын ала ескертусіз сауда орталығын сала бастаған.

Нәтижесінде жер туралы заңнаманы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі қағиданы бұзғаны үшін Ханболат Назарбаевқа 103 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, заңсыз салынған құрылысты жою міндеттелген еді. Алайда ол бұл міндетті орындаудың орнына ғимаратты бауырына сыйға тартуды шешкен.

Сот шешімі әлі орындалған жоқ

«Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ сыйға тарту келісімін жарамсыз деп тану үшін сотқа шағым түсірген.

«Сүру туралы қаулы Астана қаласының әділет департаментіне орындалуға жіберілді. Департаменттің мәліметі бойынша Х. Болатұлы аталған объектіні сыйға тарту келісімімен Д. Кесікбаевқа өткізгені анықталды», – деп хабарлады ведомство басшысы Ғани Тәжиев.

 

Сурет: Akorda.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат Болат Назарбаев Данияр Кесікбаев заңсыз ғимарат сүрілген ғимарат Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры Тәуелсіздік даңғылы Ханболат Назарбаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.