Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 7 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Путин запастағы әскери міндеттілерді шақыру жайлы бұйрыққа қол қойды
Нұрлыбек Рахманов Әлем жаңалықтары 17/01/2025

Путин запастағы әскери міндеттілерді шақыру жайлы бұйрыққа қол қойды

Сурет ria-m.tv сайтынан
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин запасындағы әскери міндеттілерін әскери жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат ресейлік құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

«2025 жылы Ресей Федерациясының қордағы азаматтарын РФ қарулы күштерінде, РФ ұлттық гвардия әскерлерінде, РФ азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою істері министрлігінің құтқарушы әскери құрылымдарында, мемлекеттік күзет органдарында және федералдық қауіпсіздік қызметі органдарында әскери жиындардан өту үшін шақыру», — делінген құжатта.

Жарлыққа сәйкес, үкімет пен аймақтық билік органдарына азаматтарды әскери жиындарға шақыру және оларды өткізу бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету тапсырылды.

Запастағыларды әскери жиындарға шақыру жыл сайын өткізіледі. Путиннің жарлығы негізінде қорғаныс министрлігінің мобилизациялық басқармасы тиісті директива дайындайды, ол аймақтық әскери комиссариаттарға жіберіледі, содан кейін қордағы азаматтарға шақыру қағаздары жіберіле бастайды.

Мысалы, 2024 жылы осындай жарлық наурыз айында, ал 2023 жылы мамыр айында жарияланған болатын.

РФ Мемлекеттік Думасының қорғаныс комитетінің мүшесі Евгений Лебедевтің айтуынша, жиындарды армияға шақырумен шатастырмау керек. «Бұл сөздің толық мағынасында армияға шақыру емес — бұл армияға жиындарға шақыру, онда қатысушылар қысқа мерзімді курс, маневрлік оқыту өтіп, өздерінің әскери мамандықтары бойынша дағдыларын қалпына келтіреді. Осыдан кейін оларды үйлеріне, жұмыстарына жібереді. Олар мемлекет тарапынан шақырылады, жиындар кезінде олардың жалақысы сақталады», — деп түсіндірді Лебедев.

Еске сала кетсек, Украина әскеріне тұтқынға түскен солтүстіккорейліктер Ресейге оқу-жаттығуға бара жатырмыз деп ойлағанын айтқан. Бірнеше күн бұрын Украина президенті Володимир Зеленський Пхеньян тарабына бұл тұтқындарға Ресей қолындағы украин тұтқындарын ауыстыратынын мәлімдеді. Кремль әлі пікір білдірген жоқ. Әлемдік БАҚ солтүстіккорейлік әскерилер қалайда тұтқынға түспеуге тырысып жатқанын, ондай жағдайда өз-өздерін гранатамен жарып жіберіп жатқанын жазуда. Мұны олар Солтүстік Кореядағы отбасы мүшелеріне қауіп төндірмеу үшін жасауға мәжбүр деп түсіндіруде.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат Володимир Зеленський зеленский Кремль Мәскеу мобилизация Путин Пхеньян Ресей мен Украина соғыс соғыстағы корейлер солтүстік корея
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025
Әлем жаңалықтары

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

11/05/2025
Әлем жаңалықтары

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.