Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстандықтар онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсады
Наргиза Ерес sarapshy.info 14/01/2025

Қазақстандықтар онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылдың 11 айында Қазақстан азаматтары онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда интернет-сауданы дамытудың әлеуеті жоғары. 2020 жылдан бастап елдегі электронды сауда көлемі бес есе өскен. Десе де, бұл әлемдегі орташа деңгейден төмен.

«2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электронды саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді», — делінген хабарламада.

2023 жылы Қазақстандағы электрондық коммерция көлемі 2 439,8 млрд теңге болды. Маркетплейстер арқылы сауда айналымы 1 767,6 млрд теңгеге (72,4%) жеткен, ал меншікті интернет-ресурстар арқылы сатылған тауарлар – 672,2 млрд теңге (27,6%). ҚР Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың ресми статистикасы бойынша, маркетплейстерде ең көп сатылатын тауарлар тұрмыстық техникалар мен телефон, гаджеттер.

  • Телефондар мен гаджеттер – 27,5%.
  • Тұрмыстық техника – 11,6%.
  • Компьютерлік тауарлар – 10,1%.
  • Автокөлікке арналған тауарлар – 7,9%.

Маркетплейстер арқылы көлік орындарын брондау (38%), жолаушылар тасымалы (37,4%) бойынша қызметтер көп алынады.

Ranking.kz командасы жүргізген зерттеу бойынша 2023 жылы Қазақстандағы маркетплейстер бюджетке айтарлықтай салық төлеген.

Мәселен, 2023 жылы Kaspi.kz (Kaspi Дүкені, Kaspi Travel, Kolesa) маркетплейсі ел бюджетіне 102,7 млрд теңге аударған. Бұл елдегі ірі маркетплейстердің салық төлемдерінің 81,5%-ы. Kaspi.kz-тің салық төлемдері соңғы төрт жылда 81%-ға өскен.

Төлемдер бойынша үздік-5-ке мыналар кірді:

  1. Kaspi.kz – 102,7 млрд теңге
  2. Wildberries.ru (ИМВБКЗ) – 13,5 млрд теңге
  3. Ozon.kz (ОЗОН Маркетплейс Қазақстан) – 5,2 млрд теңге
  4. Olx.kz (ОЭлИкс Групп) – 3 млрд теңге
  5. Halykmarket.kz – 996 млн теңге

Одан кейін Shop.kz (240 млн теңге), Forte.kz (206,3 млн теңге), Jmart.kz (79,5 млн теңге) және басқа да маркетплейстер келеді.

Қытай маркетплейстері белсенді жұмыс істегенімен, Қазақстанда салық төлемейді.

Бүгін, 14 желтоқсанда Үкімет отырысында интеграция министрі Арман Шакқалиев осыған дейін елдегі маркетплейстер 135,2 млрд теңге салық төлегенін айтты.  

«Елімізде бөлшек саудамен айналысатын 505 мың офлайн компания 3 жыл ішінде 240 миллиард теңге салық төлеген. Ал онлайн саудамен айналысатын 73 мың компания 360 миллиард теңге салық төледі. Бұған қоса отандық маркетплейстер 135,2 миллиард теңге салық төлеген», – деді Арман Шаққалиев.

 

Сурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
интернет-сауда Қытай маркетплейстері маркетплейс онлайн сатып алу Электронды сауда
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.