Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 22 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Орал тұрғыны автожолды уақтылы жөндемеген әкімдіктен көлік шығынын өндіріп алды
Наргиза Ерес sarapshy.info 09/01/2025

Орал тұрғыны автожолды уақтылы жөндемеген әкімдіктен көлік шығынын өндіріп алды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласының №2 сотына көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы салдарынан болған шығынды өтеу үшін қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолдары бөліміне қарсы шағымданды.

Ол азаматтық іс негізінде сотқа материалдық шығынды өндіріп беру жөнінде талап арыз түсірді.

2024 жылдың наурыз айында қала тұрғыны автокөлігімен Дәулеткерей мен Лермонтов көшелерінің қиылысындағы жолдағы терең шұңқырдан өткен. Қар мен жаңбыр суына толып тұрған шұңқыр кесірінен автокөлік бұзылған.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен жауапкер кінәлі екенін анықталып, заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған сүйене отырып, талап қоюшы соттан жол-көлік оқиғасынан келген шығынды өтеуді сұрады. Ол көлікті жөндеуге кеткен 605 080 теңгені және залалды бағалауға жұмсалған 60 000 теңгені өндіріп беруді талап етті.

Сот іс материалдарын зерделеп, жауапкердің кінәсі дәлелденгенін ескере отырып, талап арызды толықтай қанағаттандырды. Әкімшілік соттың шешімі бойынша «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ талап қоюшының пайдасына жалпы сомасы 665 080 теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

 Сурет: Pixabay.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Әкімшілік сот Дәулеткерей көшесі Лермонтов көшесі Материалдық шығын Орал қаласының №2 соты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.