Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 20 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Дропперлік тұзақ: жаңа алаяқтық схема туралы не білеміз?
Айбар Олжай sarapshy.info 09/01/2025

Дропперлік тұзақ: жаңа алаяқтық схема туралы не білеміз?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сіздің банк картаңызды немесе жеке кәсіпкер ретіндегі сауда аккаунтыңызды пайдаланып, сіздің атыңыздан пайда табу мақсатында түрлі заңсыз әрекеттер жасау дропперлік деп аталады. Сіз оны білмесеңіз де, барлық іс-қимылдар сіздің атыңыздан жасалатындықтан, заң бойынша сіз де осы қылмыстық схемаңыздың қатысушысы ретінде жауапқа тартыласыз. Ол сізге керек пе?

2024 жылы Қазақстан азаматтарына интернет-алаяқтықтан келген залалдың қаржылай көлемі 10 миллиард теңгеден асып, жаңа рекорд қойылды. Осы ақшаның барлығы дерлік шетел асып кетті деуге болады. Интернет-алаяққа алданған азаматтың өз қаржысын қайтарып алуы өте қиын. Көп жағдайда мүмкін емес. Сондықтан кез-келген телефон қоңырауына күмәнмен қарап, ешқандай мәмілеге келіспеген жөн. Дроппингті екіге бөліп қарастыруға болады. Банк картасымен жасалатын алаяқтық және сіздің жеке кәсіпкер ретіндегі шотыңыз бен интернет-дүкендердегі аккаунтыңызды пайдалану.

Карта дропперлігі

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карталардың» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жеткен. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған.

Схема көбіне былай жүзеге асады. Сізге «картаңыз арқылы ақша аударымдары жүреді, ал сіз одан белгілі бір процентпен комиссия тауып отырасыз» деген ұсыныс түседі. Алаяқтар «барлығы заңды және ештеңе істемей оңай ақша табасыз» деп сендіреді. Осы кезде, сіздің картаңызға түскен ақшадан сізге комиссия қалдырған алаяқтар қалған соманы банкомат арқылы қолма-қол ақшаға аударуды сұрайды. Одан кейін терминал арқылы интернет кошелектерге салғызады.

Ал шын мәнінде ол ақша басқа адамнан жымқырылған, қылмыстық ізі бар қаржы. Осы арқылы сіздің картаңыз із жасыру мақсатында жасалған транзакция тізбектерінің ішінде болады. Алаяқтар шетелде болғандықтан отандық полицияға сіз ұсталып, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде жауапқа тартыласыз.

Мұндай оқиғалар көп. 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда алаяқтардың қылмыстық жолмен алған ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен екі жас дроппер ұсталды. Олар ақшалай сыйақы үшін өздерінің банк карталары мен жеке мобильді банктік шоттарын қаскүнемдерге берген. Алаяқтар бір әйелді алдау арқылы ұрлап алған 20 миллион теңгені осы жастардың шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырғаны белгілі болды. Полиция қылмыстық іс қозғап, дропперлерді қамауға алды.

Жақында Қарағанды облысында дроппер өз банктік картасының деректерін бөгде адамдарға бергені үшін сот арқылы жауапкершілікке тартылды. Сот дропперді жәбірленушіге бір миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Ал Орал қалалық соты дроппер болып жұмыс істеген, яғни алаяқтық жолымен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған азаматқа қатысты үкім шығарды. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамай, қаражаттың заңсыз жолмен келгенін білмедім деп өзін ақтауға тырысқан. Дегенмен, сот оны кінәлі деп танып, тиісті жаза тағайындады.

Мемлекет карта дроперлігіне бұған қарсы қандай шара қолдануда?

Қаржылық мониторинг агенттігі уәкілетті органдармен бірлесіп банктік карталарды үшінші тұлғаларға беру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді енгізе бастамақ. Қазіргі таңда күдікті шоттардағы қаражатты «тоқтату» және қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді өшіру механизмі іске қосылды. Және бір клиентке берілетін банктік карталардың санын шектеу және 10 немесе одан да көп карталары бар клиенттерге тексерістер күшейтілді. Күдікті операцияларды анықтау және күмәнді клиенттерді қаржы мониторингінің субъектілерінің қызметтерінен ажырату үшін типологиялар әзірленді.

Яғни мемлекет дроперліктен қатаң күресетін болады.

Жеке кәсіпкер дропперлігі

Жеке кәсіпкердің Kaspi.kz сынды платформалардағы интернет дүкенін, басқа да аккаунттарын жалға аламыз деген хабарландырулар көп. Бұл да алаяқтықтың бір түрі болып табылады. Ондай съемаға қатыссаңыз заң алдында жауап беріп қана қоймай, бұдан кейін банк қызметтерінің қара тізіміне ілінуіңіз мүмкін. Және оборотыңыз қосымша құн салығы салынатын шектік межеден асып кетсе, қосымша құн салығын өтеуіңіз қажет болады.

Алаяқтар адамға ЖК (ИП) тіркетіп, POS-терминалға немесе бизнес жүргізуге арналған қосымшаға қол жеткізу құқығын өзіне алады. Кәсіпкерге белгілі-бір комиссия уәде етіледі. Сіздің жеке кәсіпкерлігіңізді  жалға алған адам шын мәнінде жалған саудамен айналысады. Сапасыз немесе өмірде жоқ тауар сатып, кері қайтару арқылы бөліп төлеу қаржысын қолма-қол шығаруға тырысады. Әсіресе, түрлі жұмаларға негізделген жаппай науқандық акцияларда алаяқтар өте белсенді қимылдайды.

Бұдан шығатын бір қорытынды бар. Өз карталарыңыздың реквизиттерін ешкімге көрсетпеңіз, бермеңіз. СМС код келіп жатса, ешкімге хабарламаңыз. Әлденеден күдіктенсеңіз картаны бұғаттап тастап, банкке хабарласыңыз. Өзіңіздің жеке кәсіпкерлік нысаныңызды ешкімге жалға бермеңіз. Оңай ақша табамын деген әрекеттің арты ауыр салдарға соқтыруы мүмкін. Одан қаржылық зардап шегіп қана қоймай, істі болып, сотталуыңыз ғажап емес. Абай болыңыздар.

 

Айбар ОЛЖАЙ

Сурет: Pixabay.com

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
алаяқтық банк карталары дроп-карталар Дроппер Жеке кәсіпкер дропперлігі интернет-алаятық СМС код
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025

Жаңа мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге 1,5 мың киікті тарту етеді

жаңалық 17/06/2025

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

Өте өзекті 17/06/2025

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

жаңалық 16/06/2025

Қазақстандағы автокөліктердің 82%-ы бензинмен жүреді

Экономика 16/06/2025

Қазақстанда алғашқы АЭС 2036 жылы іске қосылуы мүмкін

Экономика 16/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге 1,5 мың киікті тарту етеді

17/06/2025

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

17/06/2025

Біріккен Араб әмірліктерінде 300-ге жуық қазақстандық ұшақ күтіп отыр

16/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.