Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Оралда автобус жүргізушілері компаниядан зейнетақы, медсақтандыру төлемін уақтылы аударуды талап етті
Наргиза Ерес sarapshy.info 08/01/2025

Оралда автобус жүргізушілері компаниядан зейнетақы, медсақтандыру төлемін уақтылы аударуды талап етті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 8 қаңтар күні, таңертең «Алый парус» ЖШС-на тиесілі №3, №3к, №14, №35, №51 қалалық автобус жүргізушілері жұмысқа шықпады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобус жүргізушілері кәсіпорын жалақы, зейнетақы, медициналық сақтандыру жарнасын дұрыс төлемейтініне наразы.

Жұмысшылардың сөзінше, олар маусым айынан бері, яғни 7 ай бойы зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға түсетін қаржыны алмаған. Оған қоса, 2024 жылдағы еңбек демалысының тиісті қаражатын да ала алмай жүр. Сондай-ақ ай сайын кешігетін жалақы олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне зиянын тигізіп отыр.

Тиісті төлемдер жасалмағанның салдарынан жұмысшылар ауруханаларға қарала алмай жүргендерін айтады.

«Наразылық білдіруіміздің негізгі себебі – зейнетақы мен медициналық сақтандыруымыздың төлемдері түспеді. Сол себепті дәрігерге қарала алмаймыз, еңбекке жарамсыздық парағын аша алмаймыз. Зейнетақы түспеген соң кезегі жетіп тұрған үйімізді ала алмадық, бірімізге банктен несие рәсімдеу, екінші әріптеске несиені жабу қиындады. Шыдамымыз бітті. Жеті ай күттік. Жұмыс орнында жиналыс та өткіздік. Мәселе шешілмеген соң осылай наразылық білдіруге мәжбүр болдық», — деді өзінің атын айтпауды өтінген автобус жүргізушісі.

Жүргізушінің айтуынша, таңертең наразылық алаңына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері де келіп,  жұмысқа шықпаса, айыппұл салатынын, жұмыстан шығаратынын ескерткен.

Наразы жұмысшылармен кездескен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов пен әкімнің орынбасары Азамат Халелов барлық төлем ақпан айының басында толық төленеді деген. Бұл туралы автобус жүргізушісі де мәлімдеді:

«Қала әкімі де, әкімнің бірінші орынбасары да келді. Бірінші ақпанда зейнетақыны, еңбек демалысының ақшасын, 20 шақты адам бар еңбек демалысының ақшасын алмаған, соны да аударамыз деді».

Жұмысшылармен сөйлесіп, олардың толық режимде жұмысқа шығатынын хабарлаған әкім орынбасары субсидия толық түспеуіне байланысты, төлемдер кешігіп жатыр дейді.

«2024 жылдың 11 айы ішінде «Алый Парус» ЖШС жалпы сомасы 898 млн теңге субсидия алу үшін өтінімдер берді. Оның ішінде 545 млн теңге немесе сұралған соманың 60%-ы ғана төленді. Жүргізушілердің орташа жалақысы – 390 мың теңге. Кәсіпорында 85 адам жұмыс істейді», — деп көрсеткен қала әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Таңертеңгі сағат 8:00-де наразылық білдірген жұмысшылар 11:00-де жұмысқа оралған. Жолаушылар тасымалы толық көлемде қалпына келтірілді деді әкімдік.

 

Сурет: Автобус жүргізушісінен  

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Автобус жүргізушілері Алый Парус Жалақы медициналық сақтандыру Мұрат Байменов Орал қаласы әкімдігі субсидия
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.