Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ресей Қазақстанға 2025 жылы мұнай өнімдерін жеткізу квоталарын сақтап қалды
Наргиза Ерес sarapshy.info 07/01/2025

Ресей Қазақстанға 2025 жылы мұнай өнімдерін жеткізу квоталарын сақтап қалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылы Ресей Қазақстанға 1,12 миллион тонна мотор отыны мен мазутты бажсыз жеткізу квотасын сақтап қалды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) 225 мың тонна бензинді Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) тыс жерлерге экспорттауға рұқсат берілді. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері 2025 жылғы мұнай өнімдерін жеткізу туралы жаңартылған үкіметаралық келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Қазақстанға 285 мың тонна автобензинге квота бөлінді. Мәслелен, Аи-92 – 240 мың тонна, Аи-95 – 40 мың тонна, Аи-98 – 5 мың тонна.

Бажсыз дизель отынын Қазақстанға 450 мың тонна, авиациялық керосин – 300 мың тонна, «Байқоңырэнерго» қажеттіліктері үшін мазут – 85 мың тонна көлемінде әкелуге болады.

Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты Ресейден импортталатын нафтаны (мұнай өнімі) өңдеумен айналысады. 2025 жылға арналған келісімде зауытқа 225 мың тонна Аи-92 және Аи-95 маркалы бензинді ЕАЭО-дан тыс жерлерге экспорттауға квота бөлінді. Бұл квота алғаш рет 2024 жылы бекітілген еді.

Қазақстанның басқа мұнай өңдеу зауыттары үшін ЕАЭО-дан тыс жерлерге мұнай өнімдерін экспорттауға белгілі бір шектеулер сақталды. Бұл шектеулер жеңіл дистилляттар, дизель отыны, авиациялық керосин, ароматикалық көмірсутектер, битум өнімдеріне жасалды.

 

Сурет: Pixabay.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Байқоңырэнерго» «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты Аи-92 Аи-95 ЕАЭО Еуразиялық экономикалық одақ Мұнай өнімдері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.