Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Сібір жарасынан өлген мал қорымына жақын орналасқан 14,6 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/01/2025

Сібір жарасынан өлген мал қорымына жақын орналасқан 14,6 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жетісу облысы Сарқан ауданында күйдіргі ауыруына ұшыраған мал қорымына аумаққа жақын орналасқан 14,6 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен Жетісу облысының экологиялық прокуратурасының ықпалымен шара қабылданды.

Сарқан ауданындағы пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушыға қатысты сотқа талап арыз берілген.

«Талап арызда жерді жалға алу шартын жарамсыз деп тану, бүлінген жерлерді қалпына келтіру және ұзақ мерзімді жалға алу құқығын тіркеуді жою талаптары қойылды», — делінген хабарламада.

Өз кезегінде Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талаптарды толық қанағаттандырды.

Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы көктемгі су тасқыны кезінде сібір жарасы көмілген жерлер су астында қалды. Мысалы, Ақтөбе облысында үш сібір жарасы қорымын су басты.

Батыс Қазақстан облысында да осындай жағдай тіркелді. Су тасқыны кезінде сегіз мал қорымы мен 14 сібір жарасы қорымы су астында қалған.

Күйдіргі (Сібір жарасы) — адам мен жануарларға ортақ, Bacillus anthracis бактериясынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ол малдан (қой, сиыр, түйе, жылқы) адамға көбінесе жанасу арқылы жұғады. Сонымен қатар ет және мал өнімдерімен немесе топырақ арқылы таралады.

Сібір жарасы ауруының инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, көбіне симптомдар 3-6 күнде пайда болады. Белгілері әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, лимфа түйіндерінің ісінуі, жүрек соғуының жиілеуі. Терідегі микрожарақаттар арқылы түскен бактерия тері түріндегі сібір жарасын қоздырады. Бұл түрі аурудың ең жиі кездесетін формасы.

2024 жылы Қазақстанда сібір жарасы ауруының көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Өткен жылы ел бойынша 17 жағдай тіркелген.

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысы Сібір жарасы сібір жарасы қорымы су тасқыны
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.