Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қанды қаңтар» оқиғасы: халық тергеу нәтижелеріне сенбейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/01/2025

«Қанды қаңтар» оқиғасы: халық тергеу нәтижелеріне сенбейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан азаматтары үшін «Қаралы қаңтар, қанды қаңтар» аталған оқиғаға биыл 3 жыл болды. 2023 жылы PaperLab зерттеу орталығы Қазақстан азаматтарының Қаңтар оқиғасына көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. 

Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу нәтижелеріне сенбейді. Нақтырақ айтқанда 53%-ы ресми тергеу нәтижелеріне сенбейді, ал 30%-ы белгілі дәрежеде сенеді. 

2022 жылдың 29 желтоқсаны мен 2023 жылдың 10 қаңтары аралығында өткізілген сауалнамаға 1047 адам қатысқан.

Респонденттердің 38%-ы қатысушылар Қаңтар оқиғасын «елде билікті басып алу үшін ұйымдастырылған саяси арандатушылық» деп бағаласа, 28%-ы «тәртіпсіздік пен тонауға ұласқан бейбіт наразылық» деп санады.

Президенттің «ескертусіз оқ ату» бұйрығын сауалнамаға қатысқандардың 71%-ы құптамады. Ал ұсталғандарды азаптауды 72% айыптады. Әлеуметтік желідегі азаматтарды азаптау, қинау фото-материалдары желі қолданушыларын қорқытты. Әсіресе ұсталғандарға үтік басып, жыныстық зорлық көрсетіп, үстеріне қайнаған су құйған жағдайлар халықтың үрейін алды.

Сол сәтте қоғамдық резонанс тудырып, халықты алаңдатқан тағы бір мәселе — ҰҚШҰ әскерін қалаға енгізу еді. Ол шешімді респонденттердің 44%-ы қолдамады, 37%-ы қолдады.

Зерттеу барысындағы «билік кімнің қолында» деген сұраққа 40%-ы қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында деп жауап берді. 9%-ы билік іс жүзінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевта деп санады. 11%-ы  екеуі бірігіп басқарады деп ойлайды.

Бұл зерттеу қазақстандықтардың Қаңтар оқиғасына қатысты пікірлердің әртүрлі екенін және әлі күнге дейін оқиғағы қатысты пікір білдіруге қоғамда қорқыныш барын көрсетеді.

Зерттеушілер сауалнама нәтижелері қоғамда оқиғаға қатысты сенімсіздік пен түсінбеушілік барын көрсетеді деп есептейді. Себебі респонденттердің пікірлеріндегі алшақтық ақпараттық жұмыс пен оқиғаны терең түсіндіру қажеттігін көрсетеді дейді. Билікке сенімсіздік және биліктің шешімдеріне қатысты сын-қатерлер әлеуметтік мәселелерді ашық талқылау қажет екенін көрсетеді.

Қаңтар оқиғасы 2022 жылдың 2 және 11 қаңтар аралығында болды. Ресми дерек бойынша 238 адам қаза тауып, бірнеше мың адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Еліміздің бірнеше қаласында болған көтеріліс айтарлықтай материалдық шығынға әкелді.

 

Сурет: ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
PaperLab зерттеу орталығы ескертусіз оқ ату Қанды қаңтар үстеріне қайнаған су құйған үтік басу ҰҚШҰ әскерін енгізу
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.