Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Өскеменде заңсыз құрылыс компаниялары 100-ден астам адамнан 1,8 млрд теңге жинаған
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/01/2025

Өскеменде заңсыз құрылыс компаниялары 100-ден астам адамнан 1,8 млрд теңге жинаған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шығыс Қазақстан облысында Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты алаяқтық фактісін анықтады.

Өскеменде екі күдікті 102 адамды алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарт жасаған. Олар тұрғын үй кешенін саламыз деп уәде беріп, үлескерлерден 1,8 миллиард теңге жинаған.

Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы кідіріп, бірнеше мәрте мерзімі ұзартылған. Алайда құрылыс толық аяқталмаған. Тергеу барысында компаниялардың заң талаптарын бұзғаны және қаражат тартуға рұқсат құжаттарының болмағаны анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер сот санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.

ҚМА мәліметінше, зардап шеккен 102 азаматқа қаражаттарын қайтару жұмыстары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу амалдарына қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Осыған дейін БҚО-да, Шымкент, Астана қалалары мен Алматы облысында да заңсыз құрылыс бойынша фактілер тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында заңсыз құрылыс салудың 28 дерегі анықталған болса, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкентте 155 заңсыз құрылыс нысаны тіркелген. 82 нысанға әкімшілік айыппұл салынып, мемлекетке 45,5 млн теңге түскен. Алматы облысында осы факті бойынша 128 әкімшілік іс қозғалып, 34 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Сурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айыппұл алаятық Алматы облысы БҚО заңсыз құрылыс ҚМА Өскемен Шымкент
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
жаңалық

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025
Подкаст

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

10/07/2025

Жаңа мақалалар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

Подкаст 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.