2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында «ҚазМұнайГаздың» Қазақстанға тиесілі үш мұнай өңдеу зауытында – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 15,25 млн тоннадан астам мұнай өңделді.
Мұнай өнімдерінің ішінде, атап айтқанда, автобензин — 4,8 млн тонна, дизель отыны — 4,83 млн тонна, авиаотын — 678,4 мың тонна, сұйытылған көмірсутек газы (СКГ) — 781 мың тоннадан асқан. Қалған өнімдер – пеш отыны, бензол, параксилол, мұнай коксы, күкірт және т. б.
Зауыттардың жекелеген көрсеткіштері төмендегідей:
- «АМӨЗ» ЖШС (Атырау мұнай өңдеу зауыты)
2024 жылдың 11 айында 5 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 4,59 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді.
- Автобензин: шамамен 1,46 млн тонна;
- Дизель отыны: 1,53 млн тонна;
- Авиаотын: 170,8 мың тонна;
- СКГ: 189,7 мың тонна.
- «ПМХЗ» ЖШС (Павлодар мұнай-химия зауыты)
4,99 млн тонна мұнай өңделіп, 4,66 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді.
- Автобензин: 1,45 млн тонна;
- Дизель отыны: 1,69 млн тонна;
- Авиаотын: 217 мың тонна;
- СКГ: 290,2 мың тонна.
- «ПҚОП» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты)
5,2 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 4,79 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді.
- Автобензин: 1,88 млн тонна;
- Дизель отыны: 1,61 млн тонна;
- Авиаотын: 290,6 мың тонна;
- СКГ: 301,2 мың тонна.
«ҚазМұнайГаз» Орал қаласында «Jaiyq Arena» спорт кешенін салды. Аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын кешен бір ауысымда 300 адамға дейін қабылдай алады. Онда 25 метрлік бассейн, бокс, күрес, үстел теннисі, садақ ату, фитнес, шағын футбол, волейбол, баскетбол залдары және 1200 орындық трибунасы бар жеңіл атлетика аренасы бар.
Сурет: kmg.kz