Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»ШҚО экология департаменті басшысы Данияр Әлиев 4 жылға сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 30/12/2024

ШҚО экология департаменті басшысы Данияр Әлиев 4 жылға сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Өскемен қаласының №2 сотында ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевке қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол пара алғаны үшін айыпталды.

Ratel.kz мәліметінше, айыпталушылар қатарында «Frucom» ЖШС директоры Константин Длужевский мен пара беру делдалдығы бойынша кінәлі деп танылған жергілікті тұрғын Максат Жұрқабаев та бар.

Тергеу барысында Жұрқабаев Длужевскийден 10 миллион теңге алып, оны Әлиевке беруі тиіс болған. Алайда, облыстың бас экологы делдал арқылы тек 5 миллион теңге алған.

Сот Данияр Әлиевті кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 4 жылға соттады.

Константин Длужевский қымбат металдар мен қымбат тастарды барлау және өндірумен айналысатын компанияларда басшылық қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырылды. Сондай-ақ сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Максат Жұрқабаев 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот ШҚО прокурорына қатысты жеке ұйғарым шығарды. Прокурор параның қалған сомасының қайда кеткенін анықтауы тиіс.

Еске салсақ, Данияр Әлиевтің ұсталғаны туралы 2023 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Ал қараша айында оның орынбасары Рауан Тұраровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

2024 жылдың шілдесінде Антикор қызметкерлері ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мама Бутабаевты 10 миллион теңге пара алған кезінде ұстаған болатын.

Cурет: YK-news.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
бас бостандығынан айырылды Данияр Әлиев Константин Длужевский Өскемен қаласының №2 соты сотталды ШҚО ШҚО экология департаменті басшысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.