Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 9 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Цифрлық теңге мемлекетке не үшін керек?
Айбар Олжай sarapshy.info 30/12/2024

Цифрлық теңге мемлекетке не үшін керек?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылы Қазақстан цифрлық теңгені ресми түрде жалпы қолданысқа енгізетін болады. Ұлттық банк бұл жобаны ұзақ уақыт бойы тестілеуден өткізіп, кезең-кезеңге бөліп пысықтап келді. Цифрлық теңге жобасы 2021 жылы басталған болатын.

Ең алдымен цифрлық теңгенің не екенін анықтап алайық. Мысалы, менің Kaspi Gold картамда жатқан ақша цифрлық теңге ме? Ол да қағаз банкнот емес қой. Жоқ. Аталған банк картасындағы ақша цифрлық теңге емес. Цифрлық теңге арнайы блокчейнді әмиянда жататын болады.

Цифрлық теңгені кәдімгі қағаз теңгенің цифрлы көшірмесі деп атауға болады. Екеуінің атқаратын қызметі бір. Тек банкнотаны біз қағазға басатын болсақ, оның цифрлы баламасына ондай шығындар қажет емес. Тура сол теңге, бірақ қағазға басылмаған, электронды әмиянда сақталатын ақша деп айтсақ болады.

Басты айта кетерлігі, цифрлық теңге ешқандай да криптовалюта емес. Цифрлық теңгеге жауап беретін мекеме бар – ол Ұлттық банк. Ұлттық банк цифрлық теңгені шығарады, осы қызметті басқарып отырады. Ал криптовалюталар орталықсыздандырылған. Олар үшін ешкім жауап бермейді. Олар күрт құнсызданса да, жоқ болып кетсе де, бір де бір жан жауапкершілік арқаламайды. Криптовалюта құны күн сайын орасан құбылып тұратынын білеміз. Ал цифрлық теңге құны қолма-қол теңге құнымен бірдей болады.

Криптоәлемнен цифрлық теңге тек блокчейн технологиясын алды. Онда бірегей цифрлық реттілік (токен) немесе арнайы электрондық әмиянда сақталатын электрондық жазба принципі қолданылмақ.

Цифрлық теңгенің кәдімді теңгеден айырмашылықтары мен жаңа функциялары

Цифрлық теңгенің бірнеше айырмашылығы бар. Біріншісі – оның қауіпсіздігі. Бұл ақшаны сізден алаяқтар ұрлап кете алмайды. Оның қайда барғаны, кімге түскені барлығы көрініп отырады. Алаяқтар ол жазбаны өшіре алмайды. Екінші жағынан – цифрлық теңгені шығаратын орталық адамның жеке өмірінің құпиялылығына кепілдік беріп отыр. Яғни заң бұзылмаса, сіздің ол цифрлық теңгені қалай және қайда жұмсайтыныңыз құпия болады.

Екіншісі – жемқорлыққа қарсы функциясында. Мысалы, мемлекеттік қаржыны цифрлы теңге түрінде бассақ, құзырлы органдар (Антикор) оған арнайы белгі соғып, ол ақшаның кімнен кімге өткенін бақылап отыра алады. Қазір осы мүмкіндік пилот ретінде тестілене бастады. Мысалы, Ақмола облысында ауылшаруашылық жануарларын сатып алуға арналған шағын несиелер беру және техникаға субсидия бөлу бағдарламаларында цифрлық теңге шығарылып, оған белгі қойылды. Атырау облысында «Мұқыр–Құлсары» автожолының құрылысында 2,1 миллиард теңге мемлекеттік қаржы осындай цифрлық күйде беріліп, қайда жұмсалары қадағаланып отыр. Қарағанды облысында «Достық–Мойынты» теміржол жобасына бөлінген 160 млрд теңгеге осындай цифрлық таңба соғылды. Ол қаражатты қолды қылу, ұрлау мүмкін емес.

Келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік тендерлер мен субсидиялар цифрлық теңге күйінде ғана жұмыс істей бастайды деген болжам бар. Яғни цифрлық теңге жемқорлықты күрт зайтып немесе мүлдем тоқтата алады.

Қалай қолданамыз?

Жалпы біз үшін ешқандай айырмашылық болмайды. Онсыз да қағаз ақшаны мүлде ұстамайтын болдық. Қазір төлемдерді банк қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей береміз. Немесе аударымдар жасай саламыз. Цифрлық теңгеде де тура солай. Цифрлы әмианнан, немесе банк қосымшаларынан ақша аударуға, төлемдер жасауға бола береді. Ал ең басты артықшылығы – цифрлық теңгемен интернет жоқта да қолдана беруге болады. Ол смартфондағы цифрлы әмиандарды NFS арқылы байланыстыра алады. Яғни зат сату, сатып алу үшін интернет қажет емес.

Қарапайым жандар үшін цифрлық теңге алдымен мемлекеттен берілетін қаржыға қатысты болады. Яғни мемлекет төлейтін зейнетақы, шәкіртақы, жөргекақы, басқа әлеуметтік төлемдер осы цифрлық теңге күйінде беріле бастауы мүмкін. Ол үшін масштабты түсіндірме жұмысы, өзара тест, оқытулар өтеді деп күтіліп отыр.

Цифрлық теңге несиесі: ол мүмкін бе?

Әрине, біз цифрлық теңге инфрақұрылымын толық жолға қойып алсақ, цифрлық теңгемен кредит беруде еш қиындық жоқ. Әсіресе мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиенің нысаналы мақсатына мониторинг жүргізу проблемасы шешілер еді. Қазір арнайы мақсатқа берілген несие шынымен де сол бағытқа жұмсалды ма, оны тексеру өте қиын. Цифрлы теңге бұл мәселені шешеді.

Цифрлық теңге Big Dataға жаңа көкжиектер ашатыны сөзсіз. Әр теңгенің қайда жұмсалатынын нақты көру аналитикалық зерттеу мен тұтыну картинасын айқындай түседі. Мысалы, әлеуметтік жәрдем алған отбасы ол қаржыны қайда және қалай жұмсады, күнделікті сатып алатын тауарларының бағасы қалай өсті деген салыстырмалы мәліметтерді 100% дәлдікпен алуға мүмкіндік береді.

Цифрлық теңге 2021 жылдан бері түрлі тесттен өтіп келеді. 2021 жылы Ұлттық банк технологиялық және операциялық тәуекелдерді бағалау бойынша пилоттық жобаны іске қосып, нарыққа қатысушылармен және сарапшылар қауымдастығымен, халықаралық серіктестермен талқылаулар өткізді. 2022 жылы прототип сынаққа шығып, іске қосылған Digital Tenge Hub коллаборативті алаңында IT және қаржы нарығының адамдары прототипті өзара тесттен өткізді. 2023 жылы цифрлық теңгенің өнеркәсіптік және эксперименттік контуры құрылды. Ал биыл осы жобаның алғашқы жүйелері іске қосылып, біршама адам цифрлық теңгемен транзакция жасады.

Осылайша Қазақстан өзінің ұлттық цифрлық теңгесін 2025 жылдың екінші жартысында қарсы алатын болды. Төрт жылғы табанды еңбектің нәтижесін барлығымыз асыға күтіп отырмыз. Болашақта еліміз банкнот басудан, яғни қағаз бен бояу шығындарынан кететіні анық. Ал цифрлы болса да, қағаз болса да, ұлттық валютамыз – теңге, ол бізбен бірге дами береді.

Сурет: ашық дереккөзден

sarapshy.info

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
2024 Big Data Валюта Қазақ елі Ұлттық Банк Ұлттық цифрлық теңге Цифрлық теңге
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025
sarapshy.info

Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды

19/03/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.