Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда қала тұрғындарының саны жылдан-жылға көбейе береді
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/12/2024

Қазақстанда қала тұрғындарының саны жылдан-жылға көбейе береді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) мәліметіне сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстандағы қала халқының саны 13%-ға артып, 14 миллионға жетеді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 57%-ға өсіп, 19,3 миллион адам болады. Болжамдар елдің урбанизация деңгейінің тұрақты өсіп келе жатқанын және мегаполистердің маңыздылығы арта түсетінін көрсетеді.

Еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ең көп адам жиналған.  Астанада 2030 жылға қарай халық саны 39%-ға артып, 1,9 млн адамға, Алматыда 21%-ға өсіп, 2,66 млн адамға, Шымкентте 17%-дық өсіммен 1,42 млн адамға жетеді.

2030 жылға қарай үш мегаполистің тұрғындары қала халқының 43%-ын, ал 2050 жылға қарай 51%-ына тең болады деген болжам бар.

Өңірлер бойынша 2030 жылға қарай Маңғыстау (79,2 мың), Ақтөбе (70,3 мың) мен Түркістан облысында (62,4 мың) қала тұрғындарының саны артады.

Ал еліміздің Шығыс, Солтүстік бөлігінде және Павлодар облыстарында шаһарларда тұратындардың саны азаюы мүмкін.

Ауыл халқының баяу өсуі

Ауыл халқының саны 2030 жылға қарай 1%-ға артып, 7,7 млн адамға, ал 2050 жылға қарай 9%-ға өсіп, 8,2 млн адамға жетеді. Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде өсім болады деп күтеді.

  • Алматы облысы: 658 мың адамға артып, 1,93 млн адамға жетеді (52% өсім).
  • Түркістан облысы: 495,2 мың адамға артып, 2,1 млн адамды құрайды.
  • Маңғыстау облысы: 284,7 мың адамға артып, 709 мың адамға жетеді.

Ал керісінше елдің Солтүстік өңірінде ауыл халқының азайғаны байқалады. Қостанай облысында 163,6 мың адамға азайып, 151,7 мың адам болса Абай облысында 149,6 мың адамға азайып, 87,6 мың адам, Солтүстік Қазақстан облысында 141,6 мың адамға азайып, 131,3 мың адамға дейін  төмендейді.

ЕРДО жасаған демографиялық болжамдар елдегі урбанизацияның өсіп келе жатқанын және солтүстік өңірлердегі халық санының азаю қаупін көрсетеді. Бұл болжамдар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектілерін жоспарлау үшін маңыздыболмақ.

 Сурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» Алматы Астана Ауыл халқы Қала халқы урбанизация
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.