Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО су тасқынына қаншалықты дайын?
Наргиза Ерес sarapshy.info 18/12/2024

БҚО су тасқынына қаншалықты дайын?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқыны қаупі бар 186 елді мекен тіркелген. Соның 68-інде әлі де қауіп сақталып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің брифингі барысында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәлімдеді.

2024 жылы Қазақстанда соңғы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны болды. Биыл қала мен аудандар деңгейінде 6 төтенше жағдай режимі жарияланды (облыс, Орал қ., Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Тасқын кезінде зардап шеккен отбасыларға 4,7 млрд теңге бірреттік әлеуметтік көмек төленген. Нақтырақ айтқанда, биыл 5927 үй су тасқынынан бүлінді. Оның ішінде 2828 үй жарамсыз болып қалған.

  • Бөрлі ауданы – 129 үй
  • Қаратөбе ауданы – 90 үй
  • Сырым ауданы – 264 үй
  • Теректі ауданы – 160 үй
  • Бәйтерек ауданы – 12 үй
  • Орал қаласы – 2285 саяжай құрылысы 

Энергетикалық нысандар мен электр желілерін жөндеуге 1,4 млрд теңге жұмсалған. Инфрақұрылым қатарында 28 нысан зардап шеккен, оның 27-сі электр желісі, 1 газ құбыры.

Оған қоса, облыс бойынша спорт, денсаулық, білім салаларындағы 11 әлеуметтік нысан су тасқынынан жарамсыз болды. Қазіргі уақытта 22 гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұрғанын атап өткен Нарымбетов, алдағы уақытта 7 жаңа бекет ашылатынын айтты.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев өзен бойындағы бірқатар шағынаудандағы бөгеттерді биіктету, кеңейту бойынша жұмыстар атқарып жатқанын тілге тиек етіп, келесі жылдың дайындығын шолып өтті.

«Алдағы көктемде қалада су тасқыны орын алған жағдайда жұмылдыратын ресурстар дайындап жатырмыз. Су тасқынымен  күреске 400-дей техника дайын. Оның ішінде 30 су сорғыш, 40 инженерлік техника, 150 жүк көлік, 50 жеңіл көлік, 72 трактор, 30 мотопомпа және 30 эвакуациялау үшін техника. Су тасқынымен күреске тартылатын жеке құрам саны – 824. Сонымен қатар 100 мың қапшық дайындап қойдық, қажет болған жағдайда қосымша аламыз. Резервте 5 мың тонна құм-қиыршық тас қоспасы бар», — деді Дүйсенғалиев.

Оның айтуынша, жалпы саны 11 мың өтініш түскен. Зардап шеккен тұрғындарға 1,7 млрд теңге үйлерін жөндеуге бөлінген. 10 942 отбасыға 4 млрд теңге бір реттік төлем жасалып, 9032 отбасыға 4,1 млрд теңге мүліктік шығынды өтеу үшін қаржы берілді​.

2024 жылғы су тасқыны елдің экономикасына, инфрақұрылымына және халықтың тұрмысына айтарлықтай шығын әкелді. Мыңдаған үй су астында қалып, көп тұрғын баспанасыз қалды. Әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектептер, ауруханалар мен мәдени мекемелер зардап шекті. Қарапайым шаруалар мал шығынына да тап болды. Республикалық бюджет пен еріктілер тарапынан әрі халықтан қомақты қаржы мен әлеуметтік көмекті, физикалық күшті талап етті.

Сурет: pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
әлеуметтік көмек Батыс Қазақстан облысы бөгеттер гидрологиялық бекет Көктемгі су тасқыны су тасқыны тасқын төтенше жағдай
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.