Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қазатомөнеркәсіп» уран кен орнындағы ресейлік үлесті қытайлық компанияларға сатты
Наргиза Ерес sarapshy.info 18/12/2024

«Қазатомөнеркәсіп» уран кен орнындағы ресейлік үлесті қытайлық компанияларға сатты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы ірі уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Ресейдің «Росатом» компаниясына тиесілі кейбір уран кен орнындағы үлестерді Қытай компанияларына сатып жатыр.

Ресейдің «Росатом» корпорациясына тиесілі «Ураниум Уан Груп» компаниясы Түркістан облысындағы «Заречное» кен орнындағы 49,979% үлесін SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясына сатты. Бұл компанияның түпкі иесі – Қытайдың ядролық уран ресурстарын дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорация.

Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» мәлімдеуінше, «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамы Қызылорда облысындағы Солтүстік Хорасанда уран өндіретін «Хорасан-U» бірлескен кәсіпорнындағы 30% үлесін China Uranium Development Company Limited компаниясына сатпақ. Бұл компанияның түпкі иесі – Қытайдың атом энергиясы жөніндегі бас корпорациясы.

  • 2024 жылдың басында «Заречное» кен орнындағы уран қоры шамамен 3,5 мың тонна болды.
  • Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Хорасан-1» учаскесінде орналасқан бұл кен орнындағы уран қоры биыл 33 мың тонна деп бағаланған.

Осы тұста сарапшы Нұрлан Жұмағұлов бірлескен кәсіпорындағы үлесті сатып алу – кен орындарына иелік ету дегенді білдірмейді дейді. «Қазатомөнеркәсіптің» аталған кәсіпорындардағы үлесі өзгеріссіз қалады: «Хорасан-U» ЖШС мен «Қызылқұм» ЖШС-де – 50%.

«Бірлескен кәсіпорындардың қызметі Қазақстан заңнамасымен реттеледі, ал шетелдік серіктестер бірқатар міндеттемелерді өз мойнына алады. Ең алдымен, олар кен орындарын жою және қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша қатаң экологиялық стандарттар мен ережелерді сақтауға міндетті. Айта кетсек, «Заречное» кен орнында небәрі 3,5 мың тонна уран қоры бар, оны игеру 3-5 жыл уақытты қажет етеді. 2028 жылы қолданыстағы келісімшарт мерзімі аяқталады, ал жерді қалпына келтіру және активтерді жою кезеңі басталады» – деді Energy Monitor сарапшысы Жұмағұлов.

«Қазатомөнеркәсіп» бас директоры Мейіржан Юсупов қыркүйекте Financial Times-ке берген сұхбатында Ресейге Украинадағы қақтығысқа байланысты енгізілген санкциялар Қазақстан уранын Батысқа сатуды қиындатқанын айтты», — деп жазды Reuters агенттігі.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлемдегі бастапқы уран өндірісінің 20%-ын қамтамасыз етіп отырғанымен, уранды өңдеу бойынша артта қалып келеді.

Сурет: kazatomprom.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Заречное» «Росатом» «Ураниум Уан Груп» «Хорасан-U» Қазатомөнеркәсіп Қытай компаниялары уран кен орны
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.