Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Алматыдағы рейстер уақытынан кешігіп жатыр
Наргиза Ерес sarapshy.info 16/12/2024

Алматыдағы рейстер уақытынан кешігіп жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Желтоқсанның 15-16-сы күндері  еліміздің әртүрлі қаласында рейстер кешігіп жатыр. Атап айтқанда, қалың қар салдарынан Алматы әуежайына Қазақстанның басқа қалаларынан (Астана, Шымкент, Павлодар, т. б.) және басқа мемлекеттерден (Бангкок, Стамбул, Коломбо және басқалар) қатынайтын ұшақтар кідіруде.

Желтоқсанның 15-інде Алматыда қар молынан түскен. Өткен түнде қала әкімдігі барлық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын, ал көшелерге жүздеген қызметкер мен техника шығарылғанын хабарлады.

«Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан ұшатын рейстердің қалың қар жаууына байланысты кешіктірілетінін хабарлайды. Қар ұшақтарды мұзға қарсы өңдеу жұмыстарына кедергі келтіреді. Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуларыңызды сұраймыз», — деп ескертті компания. 

Журналист Жадыра Аққайыр кеше түнде Астанадан Алматыға ұшуы керек болған. Алайда ұшуға 2 сағат қалғанда Flyarystan компаниясы пошта мен мессенджерге рейс кешігетінін хабарлайды.

«Жалпы алғанда әуежайда 6 сағатқа жуық күтіп отырдық. Мессенжердегі хатта кешіккен жағдайда компания қандай көмек беретіні жазылып тұрды. Яғни 2 сағат кешіксе — су, 4 сағаттан асса — ыстық тамақ,  түнде 6 сағаттан астам күтсе — қонақ үй трансфермен дегендей. Бірақ шыны керек, судан басқа ештеңе ұсынбады. Күтіп отырғанымызға 5 сағаттан асқанда ыстық тамақ сұрадым. Сол кезде компания өкілі «сізді қазір ұшқалы тұрған рейске ауыстырайын» деп сол компанияның басқа ұшағына тіркеп берді. Тез арада ұшаққа отырып, таңғы беске таяу ұштық. Ұшаққа мінгенімізде әлгі өз рейсіміз 20:00-ге ауысты деген хат келді. Бірақ ол кезде біз басқа рейске мініп кеткен соң мән бермедік», — дейді ол.

Жолаушының айтуынша, ол компания өкілдеріне барып, мән-жайды сұрағанның арқасында орын тауып, басқа рейспен ұшқан. Ал өзге адамдар не істейді деп алаңдайды. 

«Менің түсінбегенім — әуе рейсі ауа райына байланысты тоқтатылса, біз қалай ұштық? Бір әуекомпания, бірақ бір рейс кешіксе де ұшты. Екіншісі біржола тоқтатылды. Осы жері түсініксіз», — дейді Жадыра. 

2024 жылдың қазанында Сенатор Андрей Лукин соңғы айлардағы рейстің кешігуі, компаниялардың жауапсыздығы мен халықтың наразылығына қатысты депутаттық сауал жолдаған. 

Сауалда компаниялар тұтынушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсетпейтіні айтылған. Авиакомпания жолаушыларға балама рейс немесе түнеп шығатын орын туралы ұсыныс жасамағанын, тіпті Air Astana әр жолаушыға өтемақы ретінде 2000 теңгелік ваучер беріп, наразылық туындатқанын да айтады.

Сурет: Tengrinews.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Air Astana FlyArystan Алматы әуежайы әуекомпания депутаттық сауал рейстердің кешігуі Сенатор Андрей Лукин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.