Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайраттың дүние-мүлкі тәркіленіп жатыр
Наргиза Ерес sarapshy.info 13/12/2024

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайраттың дүние-мүлкі тәркіленіп жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қоғамдық қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін халықтың жинаған қаражаты мен Палестина тұрғындарына гуманитарлық қолдау көрсету үшін жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам соманы жымқырды деп күдікке ілінді.

Тергеу барысында Перизат Қайраттың қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған келесі мүліктерін сот санкциялады:

  • Астана қаласындағы элиталық тұрғын үй кешендері: «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау», «Sensata Plaza» (тұрақ орындарын қоса алғанда).
  • «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік.
  • Қымбат көліктер: Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval.

Сонымен қатар, тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, әлемдік брендтердің (Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada) киім-кешектері, зергерлік бұйымдары мен сөмкелері тәркіленді.

Тәркіленген мүліктер тергеу барысында заттай дәлелдемелер ретінде қолданылады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жарияланбайды.

Перизат Қайрат кім?

Перизат Қайрат – волонтерлік қозғалыс белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы әрі басшысы. Ол 1991 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Британдық Nottingham университетін «Бизнес менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Астана қаласында «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорын құрған. Қор әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетумен айналысқан.

2024 жылдың қараша айында Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратты көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеуді бастады. Тергеу барысында ол қаражатты жеке мақсаттарына, соның ішінде элиталық жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктер сатып алуға жұмсағаны анықталды. Сонымен қатар, 2023 жылдың қарашасында Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған 200 миллион теңгеден астам қаражатты да жымқырды деген күдікке ілінді. 2024 жылдың 16 қарашасында Астана қаласының тергеу соты оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
"Akbulak Riviera" "Highvill Ishim Gold" «Biz Birgemiz Qazaqstan» «Бизнес менеджмент» Ақтөбе Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық қайырымдылық қор Перизат Қайрат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.