Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 12 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»БҚО-да 142 миллион теңгеге автокөліктің «VIP» нөмірлері алынған
Нұрлыбек Рахманов Шолу 09/02/2022

БҚО-да 142 миллион теңгеге автокөліктің «VIP» нөмірлері алынған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл жайлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 531 275 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер —  электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру, жеке куәлік пен паспорт беру, автокөлікті тіркеу.
Өткен жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келе жатқан жаңалықтардың бірі – мобильді қосымша арқылы автокөлікті қайта тіркеу. Бұрын автомобильді тек автоцонда және egov.kz порталында қайта тіркеуге болатын.
Қазір мұны kaspi, homebank қосымшалары арқылы оңай жүзеге асыруға болады. 2021 жылы осы қосымшалар арқылы 20 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұл — өңірде көлікті қайта тіркеу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы санының 23,5%-ы.

Көлік иелері арасында автокөлікті сатып алу және ресімдеу кезінде берілетін «әдемі» нөмірлерге сұраныс өсті.

«2021 жылы облысымыздың 536 тұрғыны «VIP» нөмірлеріне 142 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Ал 2020 жылы «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер жалпы сомасы — 84 млн теңгеге 350-ден астам рет сатып алынды, яғни сұраныс өсуде. Клиенттің мамандандырылған бөлімде мемлекеттік нөмірді таңдауға құқығы бар. Сондай-ақ «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер қатарындағы сандар немесе әріптер тізбегіне, бос болған жағдайда, тапсырыс беруге болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Қазір өңір тұрғындарына дайын құжаттарды жеткізіп беру қызметі қолжетімді. Оған қазірдің өзінде 150-ге жуық мемлекеттік қызмет түрлері қосылған. Олардың арасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарға апостиль қою, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің төлнұсқаларын беру бар.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026
Шолу

Психолог, коучтарға бірыңғай стандарт бекітіледі. 14 ақпаннан бастап жаңа заң күшіне енді

14/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.