Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды sarapshy.info.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жаңа «омикрон» штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:
- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
- «Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету;
- «Омикрон» штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс», — деді Шоранов.