Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Өскемен мен Семейде шамдарды орнатуға арналған жоба жүзеге аспады
Наргиза Ерес sarapshy.info 10/12/2024

Өскемен мен Семейде шамдарды орнатуға арналған жоба жүзеге аспады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Өскемен мен Семей қалаларын жарықтандыруға арналған 4,8 млрд теңге бөлінген жоба толық іске аспай қалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында қателіктер орын алған болуы мүмкін. Сондықтан облыс әкімдігі көше шамдарын орнатуды қайтадан қарастыруды көздеп отыр.

«Жоба бойынша Өскемен қаласының бірнеше ауданында шамдарды модернизациялау керек еді. Бұл жоба Семей қаласын да қамтыды. Бірақ толық іске асқан жоқ. Жоба инвесторы мен жұмыс атқарған компания өкілдері айтқанымызды мойындамай, «бәрін орындадық» деді. Сондықтан біз құқықтық органдарға арыз түсірдік. Тергеу жүріп жатыр. Қазір Өскеменде қажетті 20 мың шамның 19500-ін орнына қойдық. Тек 500-і қалды. Менің ойымша, бұл жобаны жаңадан қарастыру керек. Себебі шам орнатсақ та күйіп кете береді. Жобада қателер бар сияқты. Еуропа қайта құру және даму банкімен сөйлесеміз, ол үшін тергеу аяқталсын. Сонымен бірге заң бұзған адамдар жауапқа тартылуы керек», – деді Көшербаев.

Жарықтандыру мәселесін жыл соңына дейін шешеміз деген әкімдік уәдесі

 2024 жылдың 4 мамырында ШҚО әкімдігінің ресми сайтында «Өскемендегі жарықтандыру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі» тақырыбында ақпарат жарық көрген.

Жобаның мақсаты: «Ескірген 16 мың шамды энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырып, жарықты автоматты түрде басқаратын бірыңғай диспетчерлік орталық құру. Электр қуатын 60%-ға дейін үнемдеу көзделді», – делінген хабарламада.

«2023 жылы Өскеменде қараңғы мезгілде жасанды жарық жетіспейтін учаскелерде 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 1 адам қаза тауып, 16 адам зардап шеккен», – деп жазды Азаттық ШҚО полиция департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.

2023 жылы тұрғындар көшелердің қараңғы екеніне шағымданып, әкімдікке жүгінген. Жоғарыда аталған жоба былтырғы жылдың аяғында аяқталуы керек еді. Алайда жоба биыл да аяқсыз қалып отыр.

Сурет: gov.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ермек Көшербаев жарықтандыру Жол-көлік оқиғасы Өскемен сарапшы Семей шам ШҚО полиция департаменті
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.