Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Мұнай бағасы құлдыраса, Қазақстан нарығына қысым күшейеді
Ақбота Ахмет sarapshy.info 10/12/2024

Мұнай бағасы құлдыраса, Қазақстан нарығына қысым күшейеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Bank of America 2025 жылы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін төмендейді деп болжады.

Bank of America қатерлі болжам ұсынды

Қаржы ұйымы сарапшыларының пайымынша, бұған келесі жылы нарықтағы ұсыныстың артуы және дамыған елдердің экологиялық таза отын мен электромобильдерге көше бастауы ықпал етеді. Осыған байланысты сұраныс бәсеңдеп, баға орта есеппен бір баррель үшін 65 долларға дейін төмендейді, деп болжады.

«Мұнай тапшы болмайды, сондықтан біз 2025 жылы оған қатысты бұдан да төмен позицияны сақтаймыз», – деді энергетикалық болжам бойынша дөңгелек үстел барысында Bank of America жаһандық шикізаттарды зерттеу бөлімінің басшысы Франсиско Бланч.

Айта кететіні, қазіргі кезде эталондық Brent маркасы барреліне 73 доллардан сәл жоғары саудаланып жатыр. Ал West Texas Intermediate фьючерстері барреліне 70 доллар шамасында. Бланч жаһандық нарықтардағы ұсыныстың артуына ерекше назар аударды.

2022 жылдан бері Құрама шаттарда мұнай өндірісі рекордтық деңгейге дейін жеткен. Ал қазір АҚШ әлемдік мұнайдың шамамен 20%-ын қамтамасыз етеді. Венесуэла мен Ирандағы өндірістің артуы да нарыққа әсер етеді.

Экономикасы «қара алтынға» тәуелді Қазақстан үшін бұл қаншалықты қауіпті?

Halyk Finance талдау орталығының сарапшысы Нұрлан Қанжановтың айтуынша, Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің төмендеуі ЖІӨ өсімінің баяулауына әкелуі мүмкін.

«2024 жылдың алғашқы он айында тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 0,3% ғана болды. Біздің болжамдарымыз бойынша, төртінші тоқсанда бұл көрсеткіш жылдық 1%-дан аспайды. Бұл мұнай өндірудің 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда төмендеуіне байланысты болмақ. Экономиканың басқа секторларында, әсіресе қазір серпінді түрде өсіп келе жатқан саудада ағымдағы өсу қарқыны сақталса да, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылғы деңгейден айтарлықтай төмен болады деп күтілуде. Біз биыл экономикалық өсім 4 пайыздан аспайды деп болжаймыз. 2024 жылдың соңында 3,9% болады деген болжамымызды сақтаймыз», – деп жазылған талдауында.

Сарапшының айтуынша, 2024 жыл қарқынды өсіммен басталғанымен, қазанда мұнай өндіру біртіндеп төмендеді. Жылдың алғашқы тоғыз айында өндіріс көлемі салыстырмалы түрде тұрақты болып, айына 7-7,8 миллион тонна аралығында ауытқып отырды. Дегенмен, қазан айында күрт құлдырау байқалды: 2023 жылғы қазанмен салыстырғанда өндіріс 15,2%-ға, 7,7 млн ​​тоннадан 6,6 млн тоннаға дейін төмендеген.

«Қазан айында өндіріс көлемінің төмендеуіне «Теңіз» және «Қашаған» сияқты ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстары, сондай-ақ «Қарашығанақ» кен орнындағы жоспардан тыс кідірістер себеп болды», – деп жазылған талдауда.

Болжам бойынша 2024 жылғы қараша мен желтоқсанда 15 миллион тоннаны немесе айына орта есеппен 7,5 миллион тоннаны құрайды. Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі 2024 жылға арналған өндіріс болжамын 90,3 млн тоннадан 88,4 млн тоннаға дейін төмендетіп қайта қараған болатын. Осылайша, егер бұл болжам орындалса, онда 2024 жылдың соңында мұнай өндірудің төмендеуі шамамен 2%-ды, ал биылғы жылдың төртінші тоқсанының соңында – шамамен 1,4% болады.

«Бағаның төмендеуі мұнай секторына одан әрі қысым жасайды және оның жалпы экономикалық өсімге қосқан үлесін шектейді», – деп жазылған талдауда.

Демек «қара алтын» бағасы барреліне 73 долларға төмендегенде қауіпті межеге жақындаған Қазақстан үшін барреліне 65 доллар одан да қауіпті көрсеткіш болары сөзсіз. Себебі Қазақстан бюджеті мұнайдан түсетін табысқа тәуелді. Қазынаға кірістің тең жартысы, кей жылдары 60-65%-дан астамы дәл осы «қара алтыннан» түсіп отыр. Сондықтан Қазақстан – ОПЕК+ талабын сақтайтын, бағаның құлдырамауына мүдделі елдердің бірі.

ОПЕК+ жағдайды реттей ала ма?

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен оның одақтастарынан құралған ОПЕК+ мұнай өндірісін арттыруды сәуірге дейін үш айға кейінге қалдырды. Бұл уақытша болса да шикізат бағасына қолдау болары сөзсіз.

Алайда сарапшылар шектеулер алынғаннан кейін баға қайта құлдырауы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.

Жаһандық мұнай өндірісінің жартысына жуығын құрайтын ОПЕК+ 2024 жылдың қазан айынан бастап қысқартуларды алып тастауды жоспарлаған болатын. Бірақ жаһандық сұраныстың, әсіресе ең ірі шикізат импорттаушысы Қытай тарапынан сұраныстың азаюы және басқа елдерде өндірістің өсуі оны жоспарды бірнеше рет кейінге қалдыруға мәжбүр етсе керек.

«ОПЕК+ шектеуді алуды кейінге қалдыру туралы шешімі шикізат құнын нығайтқанымен, мұны сұраныстың әлсіз екенін жасырын түрде мойындау ретінде қарастыруға болады», – деді HSBC Global Research сарапшылары.

Сурет: financy.24tv.ua

Автор

  • Ақбота Ахмет

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Хабар», Caspionet, «Білім және Мәдениет» телеарналарында редактор- сценарист, Atameken Business медиа холдингіне қарасты inbusiness.kz сайтында тілші болған.

    Барлығын қарау
«Теңіз» (ОПЕК+) Brent маркасы Halyk Finance Екінші ақпарат Импорт Қарашығанақ Қашаған Мұнай бағасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

БҚО-да еріген қар суы жолды басты

20/03/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.