Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Респондентердің 69%-ы жол құрылысының қарқыны нашар деп санайды – сауалнама
Наргиза Ерес sarapshy.info 02/12/2024

Респондентердің 69%-ы жол құрылысының қарқыны нашар деп санайды – сауалнама

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елдегі жол құрылысының қарқынына тұрғындардың көңілі толмайды. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік мониторинг нәтижесінде сапа мәселесі басты орында тұрғанын мәлім болды.

5-25 қараша күндері аралығында өткен сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 5681 тұрғын қатысты.

2024 жылы елде 12 мың шақырым трасса мен 2,5 мың шақырым облысаралық және ауданаралық автожолдар жөнделгенімен, респонденттердің 40%-ы ғана жолдардың жақсарғанын айтты.

Мониторингке қатысқандардың 68,5%-ы жол құрылысының қарқынына, ал 70%-дан астамы жөндеу сапасына қанағаттанбайды. Респонденттердің 60%-дан астамы сапасыз жол салдарынан жол апатына түстік деп санайды.

Қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселелер:

  • сапалы магистральдардың жетіспеушілігі (58%);
  • тұрғындардың ауданындағы жолдардың сапасы төмен (46%);
  • магистральдарда жарық жоқ және шұңқыр көп (39%);
  • жөндеу қарқыны баяу (39%);
  • суағарлар жоқ, аудандардағы жолдар жарықтандырылмайды (34% және 31%);
  • қар уақтылы күрелмейді әрі көктайғаққа қарсы шаралар жасалмайды (29%);

Жол сапасының нашар болуына әсер ететін негізгі себептер:

  • Жемқорлық пен ұрлық (38,83%);
  • Жергілікті билік органдарының қызметінде кемшілік көп (17,31%);
  • Үкімет тарапынан бақылаудың болмауы (12,2%);
  • Жолды күтіп-ұстау жұмысы нашар  (11,53%).

Сауалнамаға қатысушылар жол сапасын жақсарту үшін келесі шараларды ұсынды:

  • жөндеу жұмысының сапасын арттыру (60%);
  • жолақтарды кеңейту (34%);
  • заманауи технологияларды енгізу (31%);
  • құрылысқа бөлінген қаражатты қадағалауды күшейту.

«Біз қоғам тарапынан жұмыс барысына, мердігерлерге, жол құрылысы мен жөндеу сапасына қоғамдық бақылау орнатуға деген сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар бұл мәселені шешу үшін мемлекетпен, бизнеспен әріптестікке әзір. Қор белсенділері жағдайды өзгерту үшін ашық бақылау, заманауи технологияларды енгізу және жол жұмыстары кезінде азаматтардың мониторингке белсенді қатысуы керек екеніне сенімді», — деді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.

Көлік министрі Марат Қарабаев шілде айында биыл ел аумағында 12 мың шақырым жолды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. 8 мың шақырымы — республикалық, 4 мың шақырымы — жергілікті жолдар. Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жөнделеді.

Сурет: pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
жол апаты Жол сапасы Көлік министрі Марат Қарабаев облысаралық және ауданаралық автожолдар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.