Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Лондонда Бергей Рысқалиевті аңдығандар сотқа тартылып жатыр – БАҚ
Наргиза Ерес sarapshy.info 29/11/2024

Лондонда Бергей Рысқалиевті аңдығандар сотқа тартылып жатыр – БАҚ

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Лондонның орталық қылмыстық істер сотында Болгария азаматтарына қатысы болуы мүмкін делінген тыңшылық ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Прокуратура күдіктілерді Ресейдің арнайы қызметтерінің тапсырмасымен әрекет еткен деп айыптап отыр. Олар алты операция жүргізген, оның екеуі Қазақстанға қатысты. Бұл туралы Азаттық редакциясы BBC-ге сілтеме жасай отырып, жазды.

Айыптаушылардың мәліметінше, 2021 жылдың қарашасында күдіктілер Ұлыбританиядан саяси баспана алған, Қазақстан азаматы бұрынғы саясаткер Бергей Рысқалиевті аңдуға тырысқан. Бұл әрекет Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасын нығайту мақсатында жасалды деп болжанып отыр. Прокуратураның айтуынша, Ресей билігі Қазақстанға «саяси диссиденттерді қудалауда көмек көрсету» арқылы екіжақты қатынастарды жақсартуды көздеген дейді.

Қазақстан елшілігіне қарсы әрекет

Тағы бір эпизод 2022 жылдың қыркүйегінде болған. Күдіктілер Лондондағы Қазақстан елшілігіне қарсы «жалған наразылық акциясын» ұйымдастыруға тырысқан. Бұл акция туралы ақпаратты Қазақстан билігіне беру жоспарланған. Прокуратура мұндай әрекеттердің де Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді.

Екі күдікті мойындады

28 қараша күнгі сот отырысына Катрин Иванова, Ваня Габерова және Тихомир Иванчев қатысты. Олар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сонымен қатар, басқа екі күдікті, Орлин Русев пен Бизер Джамбазов, тыңшылық әрекеттерін мойындаған.

Бергей Рысқалиев кім?

Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2012 жылы ол бауыры Арманжан Рысқалиевпен бірге шетелге қашқан. Кейін экс-әкімге «бюджет қаржысын жымқырды және қылмыстық топ құрды» деген айып тағылып, Қазақстан соты оны сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды. 2020 жылы сот отбасының тәркіленген мүлкінің бір бөлігін қайтару туралы шешім шығарды.

Сурет: azh.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Бергей Рысқалиев Ресей билігі Ресей мен Қазақстан Саяси баспана саяси диссиденттер Ұлыбритания
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.