Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің мамандары мен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеуді қарастырып жатыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» сайтында бұйрық жобасы жарияланды.
Қазіргі кезде шекара құрылымында қызмет ететін көп маманның жалақысы 85-100 мың теңге шамасында, яғни басқа мекемелер төлейтін еңбекақымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Осы себепті «ерекше еңбек жағдайында» жұмыс істейтіндерді ынталандыру үшін және білікті мамандарды жұмысқа тарту үшін қосымша төлемдер қолданысқа енгізеді..
Қосымша төлемдер қарастырылған лауазымдар:
«Қонақ үй басшысы» — бүгінде шекара аумағындағы қонақүйлер мен жатақханаларды басқаратындардың жалақысы 90-100 мың теңге. Қосымша ақы білікті әрі тәжірибелі мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді.
«Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы» — шекара қызметінің оқу-жаттығу кавалериялық бөлімшелеріне тиесілі жылқыларды баптайды. Қазіргі жалақысы – 85-95 мың теңге.
«Пеш жағушыға» да кәсіби еңбек дағдысы қажет. Себебі 30 шекара бөлімшесі қатты отынмен жылытылатын пештермен жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Ауыр еңбек жағдайында жұмыс істесе де, олардың жалақы мөлшері – 85-95 мың теңге арылығында болып отыр.
«Етікші» болуға аяқ киімді уақтылы жөндеу үшін кәнігі шеберлер қажет. Қазіргі жалақы – 85-95 мың теңге шамасында.
Тізімде жалпы 130 мамандық иесі көрсетілген.
«Әр маман иесі шекара қызметінің үздіксіз жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Әрқайсысы тиісті кәсіби біліктілікке ие мамандарды талап етеді», — делінген ҰҚК құжатында.
Сурет: root