Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Биыл Ұлттық қордан 6 трлн теңгеден астам қаражат алынды, инфляция күшею қаупі бар
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/11/2024

Биыл Ұлттық қордан 6 трлн теңгеден астам қаражат алынды, инфляция күшею қаупі бар

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 27 қараша ҚР Ұлттық банкі Төрағасы Тимур Сүлейменов ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында инфляция, Ұлттық қор туралы мәлімдемелер жасады.

Әлемде экономикалық және саяси тұрақсыздықтың орын алуы, оның ішінде әскери қақтығыстар мен нарықтағы өзгерістер ел экономикасына айтарлықтай әсер етіп отыр. Мұнай бағасының төмендеу қаупі бар, бірақ жалпы ішкі өнім 9 айда 4%-ға өсіп, оң динамика көрінеді.

Биыл инфляция өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді, алайда Ұлттық Банк өзіне мақсат етіп қойған деңгейден жоғары. Инфляция бірнеше ай қатарынан төмендегенімен, қазан айында 8,5%-ға жетті.

ҰБ инфляция деңгейін жылына 5% шамасында ұстауды өзіне мақсат (таргет) етіп қойған. Бұл – халықтың сатып алу қабілеті мен экономикалық тұрақтылығы үшін қолайлы деңгей деп есептейді.

Қызметтердің (мысалы, коммуналдық төлемдер) бағасы 14,3%-ға көтерілді. Бұл инфляцияның қайта көтерілуіне негізгі себеп. Қызметтердің қымбаттауының себебі – «Инвестицияны тарифке айырбастау» бағдарламасы мен кейбір нарықтық қызметтер бағасының артуы.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:

Өндіріс шығындары мен импорттық тауарлардың қымбаттауы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың (мысалы, киім, тұрмыстық техника) бағасының 7,8%-ға өсуіне әкелді.

Азық-түлік тауарлары:

Азық-түлік бағасы салыстырмалы түрде аз ғана (4,9%-ға) өсті, бұл инфляцияның одан әрі көтерілуіне жол бермеді.

Ұлттық қордың рөлі:

Елдің бюджеті көбіне Ұлттық қордан алынған қаражатқа тәуелді.

«Биыл Ұлттық қордан тартылған тікелей трансферттер көлемі 5,6 трлн теңгені құрады. Ал Қордан алынған жалпы қаражат 6 трлн теңгеден асады. Осылайша, Ұлттық қордың түсімдері мен одан алынған қаражат балансы бұзылып отыр. Яғни, қаражат алу – түсімнен жоғары» – деді Сүлейменов.

Банк төрағасының сөзінше, банктерді сауықтыру үшін Ұлттық қордан шамамен 2 трлн теңге жұмсалды. ҰБ мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында төмен пайыздық мөлшерлемелермен шығынға батқан банктерден облигацияларды сатып алған.

Сүлейменовтың айтуынша, банктерге қолдау көрсету 2000 жылдардың ортасында басталды.

«Бұл облигациялар өте төмен пайыздық мөлшерлемемен, 1%-дан 3%-ға дейін шығарылды. Олардың жалпы номиналдық құны 3 трлн теңгеден асады, ал әділ, нарықтық құны – 1,1 трлн теңге ғана. Мұндай айырмашылық олардың нарықтық емес шарттармен берілгендігімен байланысты» – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы жоғары инфляция халықтың жинақтарына, табысына және бизнеске зиян келтіретінін айтты. Сондықтан инфляцияны төмендету – негізгі басымдықтардың бірі. Қаржылық саясатты тұрақтандыру үшін Үкімет пен Ұлттық банк жаңа Салық кодексін әзірлеуде және мұнайдан тыс табыстарды арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Сурет: caravan.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Инфляция ҚР Ұлттық банкі облигация Салық кодексі Таргет Ұлттық қор
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.