Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і ескірген 

Наргиза Ерес sarapshy.info 26/11/2024

Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і ескірген 


Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Қазір тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларындағы вокзалдар толық күрделі жөндеуден өткен.

«Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр», — дейді Марат Қарабаев.

Вокзалдардың сегізі жергілікті атқарушы органдардың басқаруында болса, қалған 51-і «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясына тиесілі.

Министрдің айтуынша, теміржол вокзалдарының көпшілігі қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейді, бұл жолаушыларға ыңғайсыздық тудырады. Осыған байланысты вокзалдарды жаңғырту және инфрақұрылымды жақсарту басты міндеттердің бірі болып отыр.

Теміржолдағы тағы бір өзекті мәселе – жылжымалы құрамның тозуы. Қарабаевтың мәліметінше, келесі жылы 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланса, 2029 жылға дейін бұл сан 1200 вагонға дейін жеткізілмек.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кестеден кешігу мәселесі туралы сұрады. Кейінгі уақытта азаматтардың теміржол көлігінің келу уақытын бұзуына қатысты шағымдары артқан.

«Кешігудің себебі – жөндеу жұмыстары», – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев. Ол жағдай ерекше бақылауда екенін айтып, кешігудің себебі теміржолдарды кезекті жөндеумен байланысты екенін түсіндірді.

«Бұл жағдай жолдарды жөндеумен және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдында кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайды деп сенеміз», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Сурет: РЖД-Партнер

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
вагон Инфрақұрылым Күрделі жөндеу Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшы инфо теміржол вокзалы Үкімет отырысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.