Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін сотқа берді
Наргиза Ерес sarapshy.info 25/11/2024

Олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін сотқа берді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін сотқа берді, деп жазды ҚазТАГ.

«Талапкер: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауапкер: Кулибаев Тимур Асқарович», — делінген 18 қарашада басталған процестің барысы жазылған құжатта.

Іс судьяға берілді, апелляциялық тәртіпте қаралуып жатыр, басқа мәліметтер жоқ.

Айта кетейік, Бас прокуратура, әдетте, жалпылама ақпаратпен шектеліп, активтерді қайтару бойынша қабылданған шаралардың егжей-тегжейлерін ашпайды.

Айта кетейік, Құлыбаевтар отбасы – ең бай әулет. Тимур Құлыбаевтың әйелі – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева. Олардың байлығы 5 млрд долларға бағаланып отыр.

2023 жылы сот шешімімен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-ның 50% акциясы Тимур Құлыбаевтан алынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласына тиесілі жарғылық капиталдың жартысы Атырау мұнай өңдеу зауытының меншігіне қайтарылды.

Тимур Құлыбаев 2021 жылы компания аукционда «Joint Technologies» ЖШС-на сатылған кезде 50% акцияның иесі атанды. Кәсіпорын Тимур Құлыбаев пен Раушан Сағдиеваға тиесілі болды. Қаңтар оқиғасынан кейін «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне» қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаржылық мониторинг агенттігі ЖШС басшылығы 2017-2021 жылдары үстемдік ете отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және тиеу қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілегенін анықтаған.

Бас прокуратура 2024 жылдың маусым айында Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев құны 66 млн доллар құрайтын мұнай терминалын мемлекет меншігіне қайтарғанын хабарлады.

Cурет: inbusiness.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Активтерді қайтару Бас прокуратура Нұрсұлтан Назарбаев сарапшы инфо сотқа берді Тимур Құлыбаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.