Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ақтөбеде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалының басшысы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 22/11/2024

Ақтөбеде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалының басшысы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығын соттады.

Пара

  • Депо бастығы кадрлар жөніндегі делдал-менеджер арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге көлемінде пара алған.
  • Сот үкімі бойынша бастық 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Басқалар да жазаланды

  • Делдал 1 жыл 6 айға сотталды.
  • Пара берген адам мен оның көмекшісі әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Сотталғанның барлығының мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығы өмір бойына шектелді.

Оқиғаның мән-жайы

Осы оқиғаның толық мән-жайын Ақтөбедегі «Диапазон» басылымы жазған.

26 жастағы Ембі тұрғыны техникалық білім алған соң, депода жұмыс істеуге тырысып, конкурсқа қатысқанымен, өте алмаған. Кейіннен Жем пайдалану локомотив депосында машинист көмекшісі болып істейтін досынан көмек сұраған («ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалына тиесілі). Досы бұл мәселені кадр бөлімінің маманы арқылы шешуді ұсынып, пара беру жоспарын құрған.

  • Кандидатқа алдын ала сұрақтар мен жауаптар дайындалып берілді.
  • 1,5 миллион теңгені жинау үшін жас жігіт әйелі арқылы несие рәсімдеген.
  • Параны досы арқылы кадр бөліміне жеткізген, ол өз кезегінде ақшаны депо бастығына тапсырған.

Депо бастығы Дәулетқали Жалмұхамбетов сотта параның бір бөлігін, яғни 300 мың теңгені, кадр бөлімі маманы өзіне қалдырғанын айтты. Жалмұхамбетов бұл ақшаны депо ғимаратын жөндеу үшін пайдаланғанын алға тартқан, бірақ бұл оның жазасын жеңілдетпеді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: informburo.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ембі тұрғыны кадр бөлімі Кандидат пара алған сарапшы инфо Сот Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.