Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жаңаөзендегі жұмысшылар талабы орындалмады, ереуілшілер әлі тарқаған жоқ
Наргиза Ерес sarapshy.info 19/11/2024

Жаңаөзендегі жұмысшылар талабы орындалмады, ереуілшілер әлі тарқаған жоқ

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

12 қараша күні  кеште Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. «Азаттық радиосының» жазуынша, бір апта өткеніне қарамастан жұмысшылар талабы орындалмады және ереуілшілер әлі тарқаған жоқ. 

Жұмысшылар басшылыққа бес түрлі талап қойып отыр:

  1. ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа орналастыру, 55-58 жастан жұмысқа жарамсыз қызметкерлерге 300 (АЕК) зейнетке өз еркімен шыққан жағдайда төленсін.
  2. Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу, 1000 орындық База УОС-5 жанындағы мекемені қайта қарап іске қосу. 
  3. Тұңғыш президенттің үздік көрсеткішке ие болған Ұжымдық шарттағы 2013 жылғы қолданыста болған 5.19 бабын орнына қою, дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өту.
  4. СЖЖ және СКЖ машинистерін және оператордың дәрежесін 6-7 дәрежеге көтеру және екінші көмекші қосу. 
  5. 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетовтың жауабы қандай? 

Сол күні «Өзенмұнайгаз» бас директоры Жанболат Саймағанбетов жұмысшылар қойып отырған негізгі 5 талапқа қатысты Еділов телеграм арнасында жауап берді.

Жауапта бірінші талаптың орынсыз әрі негізсіз екенін айтады. Жаңаөзен қаласы бойынша жұмыссыздар және зейнеткерлердің балалары 50 ге 50 пропорция арқылы қабылданады. Егер тек зейнеткерлердің баласы жұмысқа қабылданса, қаладағы өзге жұмыссыз адамдарға мүмкіндік берілмейді дейді. 

“Өзенмұнайгаз” АҚ ұжымдық шартында әйелдерге 55 жастан, ерлерге 58 жастан зейнет алды демалысқа өз еркімен шығу мүмкіндігі қарастырылған, сонымен қатар ол жұмыскерлерге 300 АЕК емес, еңбек өтіліне сәйкес 15 000 000 — 20 000 000 теңге көлемінде төлем қарастырылған және отбасының бір мүшесін тіркеуге мүмкіндігі бар,” — деп көрсетілген бас директордың жауабында.

Екінші талап бойынша База УОС-5 жанындағы жобаны жалғастыру тиімсіз екені анықталып, тоқтатылғаны және оның қаладағы жұмыс мәселесін шешпейтіні айтылған.

Үшінші талап бойынша 2013 жылы қолданыста болған ұжымдық шарттың 5.19-бабына 2017 жылы өзгертулер енгізілген. Жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы төлемдері бұрынғыша жалғаса беретіні көрсетілген.

Төртінші талап бойынша машинистер мен операторларға еңбекақы нақты жұмыс уақытына төленетінін, барлық бригада қажетті құраммен толық қамтылған дейді.

Бесінші талап бойынша қосымша ақы төлеу тәртібі арнайы әдістеме негізінде жұмыс істеп тұр. 

Компанияның бас директоры Саймағанбетов жұмысшылардың талабына ешқандай негіз жоқ әрі орынсыз деп бағалайды. Ал жұмысшылар бұл жауаптарға қанағаттанбайтынын, Астана қаласынан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басшылары келіп, құжат жүзінде негіздеуін талап етіп отыр.

«Өзенмұнайгаз» — елдегі ірі кен орындарды игеруші компания. 60 жыл болған Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас мұнай кен орындарын игерумен айналысатын мұнай компаниясы, құрамында 16 өндірістік бөлімше бар.

Ереуілшілер талабы редакция назарында болады. 

Сурет: ozen.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«ҚазМұнайГаз» ҰК «Өзенмұнайгаз» Ереуілшілер Жаңаөзен Қарамандыбас Өзен сарапшы инфо
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.