«Майқайыңалтын» АҚ шахтасында автобус апатынан қаза болған құтқарушының туыстарына төленетін өтемақы көлемі азайды

2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ шахтадағы ойыққа көлік құлап, төрт жұмысшы қаза тапты. Олар «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-ның құтқарушылары болып шықты.

Осы апат салдарынан мерт болған азаматтың туыстары жұмыс берушіден моральдық өтемақы талап етіп, сотта ұтқан. Екібастұз қаласының соты талап берушілердің арызын қанағаттандырады. Аталған ЖШС 120 млн теңге төлеуге тиіс болды.

Бірақ Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 13 қарашада азаматтық істі қайта қарап, өтемақы көлемін азайтты.

Сот алқасының қаулысымен жұмыс беруші құтқарушының туыстарының әрқайсына 7 500 000 теңгеден төлеуге тиіс болды. Алқа Екібастұз соты кейбір факторларды ескермеген деп есептейді.

«Жазатайым оқиға «Майқайыңалтын» АҚ өндірістік қызметімен байланысты.
Бұл мән-жайларды сот моральдық зиянның өтемақысы мөлшерін анықтаған кезде ескеруі тиіс», – деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметі.

4 қаңтарда шахтада қаза тапқан құтқарушылар мәйіті ұзақ уақыт табылмады. Іздестіру жұмысы бірнеше рет жүргізілді.

Осы оқиғаны жіті зерттеген арнайы комиссия «Майқайыңалтын» АҚ-ның қауіпсіздік талаптарын сақтамағанын анықтады.

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің себептері:
– «Майкайнзолото» АҚ жауапты тұлғаларының жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылаудың жеткілікті ұйымдастырмауы;
– блоктарды өндіру кезінде еңбек қауіпсіздігінің ескерілмеуі;
– II кен массасын және таудан жоғары және төмен +90 м (160) кен орнын игеру кезінде тау-кен қондырғыларын дамыту жобаларының болмауы.
Бұған дейін де сот шешімімен «Майқайыңалтын» АҚ 100% кінәлі деп танылған.

Сурет: ҚР ТЖМ

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз