Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да Капустин Яр және Азғыр ядролық полигонынан зардап шеккен тұрғындарға төленетін жәрдемақы 2 АЕК-тен аспайды
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/11/2024

БҚО-да Капустин Яр және Азғыр ядролық полигонынан зардап шеккен тұрғындарға төленетін жәрдемақы 2 АЕК-тен аспайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-да Капустин Яр және Азғыр ядролық полигонынан зардап шеккен мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен 2 АЕК (2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге, бұл шамамен 7384 теңге) көлемінде жәрдемақы төленеді. Облыс әкімі Н.Төреғалиев журналистерге сұхбат бергеннен кейін дәл осы ақпарат БАҚ-тарда жарияланды. Бұл деректің анық-қанығына көз жеткізу үшін Бөкей Ордасы ауданы әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарластық. 

2023 жылдың 23 қазанында аудандық мәслихаттың “Бөкей Ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы” №8-1 шешімі шыққан:

  • Бірінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға ай сайын – 2 АЕК; 
  • Екінші топтағы мүгедектерге – 1,5 АЕК; 
  • Үшінші топтағы мүгедектерге – 1 АЕК мөлшерінде белгіленген. 

Төлем алатын тұрғындардың жалпы саны мыңнан асады. Аудан бойынша жәрдемақы алатындар саны:

  • 1 топ — 44 адам
  • 2 топ — 104 адам
  • 3 топ 136 адам

Соның ішінде: 

  • Бала жастан мүгедектегі бар 1 топ — 7 адам
  • Бала жастан мүгедегі бар 2 топ — 51 адам
  • Бала жастан мүгедектігі бар 3 топ — 47 адам
  • 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар — 50 бала.  Аудан тұрғындарына бұдан басқа өтемақы төленбейді.

Бүгін, 12  қарашада Орталық коммуникация қызметі ұйымдастырған брифингте облыс әкімі Нариман Төреғалиев Капустин Яр полигонына төленетін төлем респбуликалық бюджетке түсетінін айтты. Экологиялық заң бұзушылықтардың орын алып жатқанына қарамастан Ресеймен келісімді бұзуға қатысты мәселе үкіметаралық деңгейде шешіледі дейді әкім.

“Бұл екі мемлекет арасындағы халықаралық келісім болғандықтан келісімшартта уақыты көрсетіледі. Сол себепті келісімді ерте бұзу немесе тоқтату жөніндегі мәселе үкімет деңгейінде шешіледі”, — деді Төреғалиев. 

Журналистердің “Тұрғындар тарапынан шағымдар бола ма?” — деген сауалына:

“Кейде шағымдар болады. Ракетаның қалдықтары түсіп жатыр деген жағдайда, біз тиісті министрліктерге хабарласып, түскен қалдықтарды аяқтай барып, көріп, Ресей Федерациясы тарапын осы жөнінде хабардар қылып отырамыз”, — дейді.

Капустин Яр полигоны  – Қазақстанның Ресейге жалға беріп отырған аумағы. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының батыс аймақтары мен Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград облысының шығыс бөліктерін алып жатыр. Бөкей Ордасы ауданына 1 921 445 гектар жер тиесілі болса, соның 943 608 гектар жері полигонға берілген. 

Елдегі сол өңірлерге жақын тұратын жергілікті тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдарына да, жауапты мамандарға да жиі шағымданады. Себебі полигоннан зардап шеккен адамдарға жәрдемақылардың дұрыс берілмейтінін және ластанып жатқан экологияға сынамалар жасалмайтынын, салдарынан зиянды су, басқа да қалдықтар қалатынын айтады. 

Сурет: check–point.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Азғыр БҚО әкімі Капустин Яр Ресей ядролық полигон
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.