Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Халықаралық іздеуде жүрген LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан тоғыз жылға сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/11/2024

Халықаралық іздеуде жүрген LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан тоғыз жылға сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты  «LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданды сырттай тоғыз жылға соттады. 

Оған ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айып тағылды.

Сотталушыға  халықаралық іздеу жарияланғандықтан, іс оның қатысуынсыз сырттай қаралды. Сот үкімімен Ардан Қылмыстық Кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. ҚК 58-бабының 6-бөлігі бойынша 2023 жылдың 3 мамырында шыққан сот үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ сот сотталушының балалары бар екенін ескеріп, жазаны сәл де болса жеңілдеткен.

Қандай айып тағылды және не үшін?

“2016 жылғы 22 желтоқсанда «LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы А. қызметтің мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму банкінен (бұдан әрі – ҚМДБ) сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған” — деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметі.

Ал 2018 жылғы 26 қарашада Қытайдың мемлекеттік даму банкінің қызметі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мәжбүрлі түрде тоқтатылған. 

Құрылыс жобасы іске аспағаннан кейін банк қаражаты ЖШС-ға қайтарылмаған және өз мақсатына пайдаланылмаған. Осының салдарынан «City transportation systems» ЖШС 85 млрд теңгеден астам шығынға батты.

«Сотталушы кінәсі куәлар айғағымен, сарапшылар мен мамандардың қорытындыларымен, қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала  кетейік, былтыр Талғат Ардан жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ол ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ сот оны 262-бап «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтардың жоқтығынан ақтады. Ол бұдан былай мемлекеттік қызметте және жоғарыда аталған компанияларда қызмет атқара алмайтыны жарияланған еді.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданды БАҚ арқылы жауап алуға шақырғанын жазған едік. 

 

Сурет: alrt.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
LRT Астана қалалық соты Қылмыстық кодекс Талғат Ардан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.