«Шығыс» корпоратив қорының басшысы 115 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ұсталды

«Шығыс» корпоратив қорының басшысы алаяқтық жасады деп ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Қордың басшысы мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп ақы алған. Антикор күдікті өзінің жеке шотына 115 млн теңге бюджет қаражатын аударғанын анықтады. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуді әлі жалғастырып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Антикор.

Ұйым туралы

Ұйымның толық атауы – Қазақстанның саңыраулар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Шығыс» корпоративтік қоры. Осы қор 10 жылдан бері құлағында мүкісі бар жандарға қызмет етіп келеді. Ашық дереккөздерде  компания басшысы Коханова Маргарита Фридриховна деп көрсетілген.

Басқа да хроникалар

Еске сала кетейік, 2015 жылы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Байболат Әубәкіров ұрлық жасағаны үшін ұсталған болатын.

Сот Әубәкіров Байбұлат Абайұлын ҚР ҚК 176 б.4б. «б» т., 148 б.1б. қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танып, оның жеке мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен қатар 5 жылға дейін басшылық қызметті атқару құқығынан айырылды. 

Сурет: hsbc.com.au

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз