Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстан Global Innovation Index-2024 рейтингінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері көшбасшыларының үштігіне енді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 21/10/2024

Қазақстан Global Innovation Index-2024 рейтингінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері көшбасшыларының үштігіне енді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Global Innovation Index-2024 рейтингінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері көшбасшыларының үштігіне енді. 2007 жылдан бастап Global Innovation Index (WIPO) 133 елдің көрсеткіштерін 80 бағыт бойынша бағалап келеді. Бұл жерде экономика мен өндірістің өсуіне инновациялардың ықпалы қарастырылады.

Рейтинг осы саладағы жаңа стратегияларды әзірлеу үшін маңызды индикатор ретінде қызмет етеді. Онда жоғары көрсеткішке ие болу іске асырылып жатқан мемлекеттік реформалардың халықаралық деңгейде бағаланғанын көрсетеді. Сондай-ақ әлемдік аренадағы беделді жақсартуға және Қазақстанға тікелей инвестициялар тартуға ықпал етеді.

Қазақстан жаһандық рейтингте 81-орыннан 78-орынға көтеріліп, Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия көшбасшылар үштігіне енді.

Елімізде «Мемлекеттік басқарудың тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша PISA шкаласы», «Нарықтың дамуы», «Бизнесті жүргізу», «Тікелей инвестициялардың таза ағыны, ІЖӨ %» көрсеткіштері бойынша ілгерілеу байқалады.

Рейтингтегі ең үлкен өсім «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіштерінде болды. Бұл жерде 93-орыннан 65-орынға, «Ұлттық көркем фильмдер/млн адам» 61-орыннан 31-орынға және «Жоғарғы деңгейдегі домендер (TLD)/мың адам» 115-тен 80-ге дейінгі сатылардан көрінді.

Айтып өтелік, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (UN WIPO) – Біріккен Ұлттар Ұйымының 15 мамандандырылған мекемесінің бірі, оның қызметі шығармашылық қызметті ынталандыруға және зияткерлік меншікті (IP) халықаралық қорғауға ықпал етуге бағытталған. WIPO тауар белгілері мен патенттерді халықаралық тіркеуді жеңілдетеді.

Жаһандық инновациялық индекс – инновациялардың елдердің дамуына әсерін анықтау бойынша әлем елдерінің ауқымды экономикалық зерттеуі. Бұл индекстің өсуінің маңыздылығы оны Қытай, Сингапур, БАӘ, Түркия және т.б. елдердің үкіметтік стратегияларына енгізу арқылы анықталады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Global Innovation Index-2024 рейтингі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ҚР Орталық және Оңтүстік Азия елдері Экономика мен өндіріс
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.