Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Биыл Қазақстан бидай экспортынан 494 млн доллар пайда тапты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 16/10/2024

Биыл Қазақстан бидай экспортынан 494 млн доллар пайда тапты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Осы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан 494,1 млн АҚШ долларына 2,4 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Оның жалпы көлемінен негізгі үлесі – Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстанға тиесілі.

Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинаған. Ұн тарту саласында жалпы қуаттылығы жылына 9,1 млн тонна астық өндіретін 270-ке жуық кәсіпорын іске қосылды.

Отандық ұн өндірісінің көлемі елдің ішкі тұтынуынан екі есе дерлік асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша әлемде жетекші орынға ие.

«Биыл сегіз айда екі миллион тоннадан астам ұн өндірілді. Нан өндірісі еліміздің ішкі нарығын толық қамтамасыз етеді. Нан өндірушілер халықтың нанға деген қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, нарықтағы сұранысқа байланысты шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бойынша да белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл негізінен – нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, қысқа және ұзақ сақталатын ұннан жасалған өнімдер.

Сегіз айда 329 мың тонна нан өндірілді. ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде астық өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде ұн және нан өндірушілер) үшін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдігі бар кредиттер берумен мемлекеттік қолдау шаралары көзделеді», — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Осы жылы астық өнімі кем дегенде 20 млн тоннаға жетеді деп күтіліп отыр

Айтып өтелік, 2023 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өнімнің басым бөлігі дәстүрлі түрде ТМД елдеріне жөнелтілген.

Ресми дерекке сүйенсек, биылғы астық өнімі кем дегенде 20 млн тоннаға жетеді деп күтіліп отыр. Астық экспортының негізгі үлесі, яғни 40-45%-ы көршілес Орталық Азия елдерінің нарықтарына теміржол арқылы жөнелтіледі.

Биыл Қазақстан бидай мен ұннан таршылық көрмейді. Бүгінде жиналған бидайдың 70%-ы сапалы. Бұл туралы жақында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтқан еді. Сондай-ақ министрдің орынбасары ұнның бағасын нарықтағы сұраныс анықтайтынын атап өтті. 

2023 жылдың 16 қазанынан бері Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Бұл – 2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасы бойынша құрылған мереке. 2019 жылдан бастап атаулы күн Қазақстанда да атап өтіледі.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Ауыл шаруашылығы министрлігі Бидай экспорты Дүниежүзілік нан күні Қазақстан Қазақстандық аграршылар ҚР
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.