Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Тұтқындарды азаптаған 47 құқық қорғау қызметкері сотталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 09/10/2024

Тұтқындарды азаптаған 47 құқық қорғау қызметкері сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Былтыр Қазақстанда 47 құқық қорғау қызметкері азаптау ісі үшін сотталды. Бұл жағдайлар өткен үш жылмен салыстырғанда көп. Бұл жөнінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты.

Жалпы соңғы бес жылда 162 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінің 79 мекемесінде 38 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Медициналық көмек алатын сотталғандардың саны екі есеге артқан. Атап айтқанда, стационарлық емделу көрсеткіші бес есеге өсіп отыр.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаптау оқиғаларының тіркелуі төмендеді. 2023 жылы 50%-ға (920-дан 462-ге), 2024 жылдың сегіз айында 21%-ға (315-тен 219-ға) төмендегені байқалды. Соңғы бес жыл көлемінде жыл сайын 600-700 өтініш тіркеліп отыр. Азаптауды болдырмау мақсатында барлық түзеу мекемелері бейнекамералармен жабдықталды. Қазір камера саны 45 мыңнан асады. Сондай-ақ шағымды тіркеу терминалдары орнатылды. Нәтижесінде сотталғандар сот және қадағалау органдарымен тікелей байланыса алады. Бұл түрме әкімшілігі тарапынан цензураны жояды. Бүгінде азаптау жазасы 12 жылға бас бостандығынан айыруға дейін өзгерді. Мұндай қылмыс жасағандарға татуласу, шартты түрде босату, рақымшылық жасау қолданылмайды», — дейді Артур Ластаев.

Айтып өтелік, 1998 жылы Қазақстан азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияны ратификациялады. Кейіннен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні қоса алғанда, басқа да бірқатар құжаттар қабылданды.

Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «Азаптау» жеке қылмыстық әрекеті енгізіліп, қатыгездік үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Азаптау үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 12 жылға дейін ұзарды.

Сонымен қатар азаптау ісін тергеу тек прокуратураның құзыретіне берілді. Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарына сәйкес азаптауды тергеу әдістемесі әзірленді.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Артур Ластаев Қазақстан Құқық қорғау қызметкері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.