Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Алаяқтар БЖЗҚ атынан қоңырау шала бастады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 09/10/2024

Алаяқтар БЖЗҚ атынан қоңырау шала бастады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Енді алаяқтар БЖЗҚ салымшыларына қоңырау соғып, алдауға көшті. Бүгін зейнетақы қоры ел азаматтарына маңызды ескерту жасады.

«Алаяқтар салымшыларға қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін оның бөлімшесіне бару қажеттігі және SMS арқылы хабарландыру тәсілімен кезекті электрондық брондауға мүмкіндігі бар екені туралы айтады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізеді», — делінген қордың хабарламасында.

БЖЗҚ ескертеді

БЖЗҚ алаяқтарға алданбас үшін қырағы болып, бөгде адамдар сұраған кодты бірден айтпауды ескертеді. Сондай-ақ, кез-келген сілтемені басып, өтпеген жөн екенін айтады.

· Өз кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз

· Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз

· Егер сізді әлдекім БЖЗҚ атынан мазалайтын болса, тұтқаны қойып, тікелей қорға хабарласыңыз

· Қаржылық және зейнетақы қызметін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз

Сондай-ақ қор ел азаматтарының барлық сауалға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінде, enpf.kz сайтында, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы және байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен алатынын айтты.

Осыған дейін Ұлттық банк алаяқтардың халықтың қалтасын қағудың жаңа тәсіліне көшкенін хабарлаған еді.

«Азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырамыз», — делінген еді хабарландыруда.

Ресми мәліметке сүйенсек, интернет-алаяқтар соңғы жеті айда 7 млрд теңге жымқырған. Өкінішке орай, ел ішінде интернет алаяқтардың арбауына түскендер көбейіп отыр.

Көбіне алаяқтар онлайн сауда кезінде алдап кетеді. Ақшасын төлеп, тауарын алмаған 3 300-ге жуық адам полицияға арыз жазған. Жалған сайт, қосымшалар арқылы дербес деректерді ұрлаған 3 200-ден астам жағдай ресми тіркелген. Сонымен қатар 1 700-ден астам адамды банк қызметкері болып хабарласқан алаяқтар алдаған.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 БЖЗҚ салымшылары Интернет-алаяқтар ҚР Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.