Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай бағасына қалай әсер етеді?
Ақбота Ахмет sarapshy.info 03/10/2024

Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай бағасына қалай әсер етеді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Иран баллистикалық зымырандарымен Израильге шабуыл жасағаннан кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті.

2 қазанда Лондонның ICE Futures биржасындағы таңғы саудада Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерстерінің бағасы 2,25 долларға (3,06%) қымбаттап, барреліне 75,81 долларды құрады. Бұған дейінгі сауда кезінде баға соңғы бір айдан бері алғаш рет барреліне 76 доллардан асқан еді.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы да 2,34 долларға (3,35%) өсіп, барреліне 72,17 долларды құрады.

Бұған дейінгі сессияның қорытындысы бойынша Brent 2,6%-ға, WTI 2,4%-ға қымбаттаған еді. Таяу Шығыстағы геосаяси қақтығыс әлемдік мұнай нарығына қалай ықпал етеді? Бұл туралы сарапшылардан сұрадық.

Таяу Шығыста стратегиялық маңызды бұғаз орналасқан

Экономист Бауыржан Ысқақов Таяу Шығыстағы жағдай мұнай бағасына тікелей әсер ететінін айтады. Оның сөзінше, Израиль мен Палестина «қара алтын» өндіруші елдер болмаса да, осы аймақ арқылы жаһандық тасымалдың үштен бір бөлігі өтеді. Яғни, бұл мұнай жеткізуші аймақ саналады. Шиеленістің өршуі шикізат тасымалының тұралап қалу қаупін туғызады.

«Мұнай саудасының негізгі жолы саналатын Ормұз бұғазы осы өңірде орналасқан. Ол жабылса, әлемдік сауданың төрттен бір бөлігі тоқтап қалады. Бұл Таяу Шығыс елдеріндегі кәсіпорындар үшін маңызды. Ал ОПЕК+ елдері өндірісті қысқартып жатқаны жалпы әлемдегі мұнай бағасының қымбаттауына алып келеді», — деп түсіндірді сарапшы.

Бауыржан Ысқақов айтып отырған Ормұз бұғазына әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20%-ы тиеселі. Стратегиялық маңызды аймақта болған және болатын кез келген қақтығыс мұнай мен энергетикалық ресурстарға сұраныстың артуына алып келеді. Нәтижесінде шикізат бағасы қымбаттай түседі.

Экономист Бауыржан Шурманов та Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен саяси тұрақсыздық міндетті түрде мұнайдың бағасына әсер етеді, деп есептейді. Оның айтуынша, Иранның Израильге жауабы шикізат тасымалы логистикасын бұзуы мүмкін. Бұл бірден бағаның өсуіне әкеледі.

Иранның жаһандық мұнай экспортындағы үлесі

Бауыржан Шурмановтың айтуынша, Иран – әлемдік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі. Алайда соңғы жылдары бұл ел мұнай экспортын халықаралық санкцияларға байланысты шектеді.

«2023 жылы Иранның әлемдік мұнай экспортындағы үлесі санкциялық саясаттар мен негізгі жаһандық ойыншылармен келісімдердегі өзгерістерге байланысты шамамен 2-4% құрады. Егер санкциялар жеңілдетілсе, Иран экспортты айтарлықтай арттыра алады, бұл нарыққа әсер етуі мүмкін», — деп топшылайды экономист.

Баға қалай құбылады?

Сарапшы қысқа мерзімді перспективада мұнай бағасы қымбаттай түсетінін айтады. Таяу Шығыстағы жағдай ушықса «қара алтынның» құны артады. Себебі геосаяси тәуекелдер жаһандық нарыққа бірден әсер етеді.

«Кез келген қақтығыстардың өршуі шикізат тасымалы тізбегінің бұзылу тәуекеліне әкеледі. Бұл бағаның күрт өсуіне әсер етеді. Бұған қоса, мұнай құнына импорттаушы елдердегі қорлардың азаюы немесе ОПЕК+ ұйымының жаңа өндірістік шектеулер енгізуі сияқты факторлар әсер етуі мүмкін. Осылайша, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай мұнай нарығын құбылтары анық», — деді экономист.

Айта кетейік, бюджеттік табысының негізгі бөлігі мұнайдан түсетін Қазақстан үшін мұнай бағасының өсуі жағымды әсер етеді. Өйткені бізге мұнай бағасы барреліне 80 доллардан жоғары болмаса бюджетті теңгеру қиынға соғады.

«Алты күндік соғыстан» кейін Таяу Шығыста 20-дан аса саяси қатығыс болған

1967 жылы 5 маусым мен 10 маусым аралығында Таяу Шығыста тарихта «Алты күндік соғыс» атауымен белгілі саяси шиеленіс болды. Израиль үкіметі Мысыр, Сирия, Иордания, Ирак және Алжирге соғыс ашты. Алты күнде әскери операцияны аяқтаған Израиль Мысырдың Синай шөлін, Газа секторын (Солтүстік Африка) басып алған. Сондан бері бұл аймақта 20 ірі әскери қақтығыс болды. Оның 11-іне Израиль қатысты.

1973 жылғы араб-израиль соғысында ғана мұнай бағасы күрт өскен. Ол кезде Израильге күтпеген әскери шабуыл жасалып, Сауд Арабиясы АҚШ-қа қарсы мұнай эмбаргосын енгізіп, әлемдік мұнай бағасы күрт қымбаттады. Ал Израильдің қатысуымен болған басқа қақтығыстар мұнай бағасына ұзақ мерзімді әсер еткен емес. Бұл жолы қалай болары Иерусалимнің Тегеранға жауабына байланысты.

Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасауы мүмкін

Израиль Иранның кез келген шабуылына жауап беруге дайын екенін ескертті. Тіпті Иранның ядролық немесе мұнай инфрақұрылымына тікелей соққы жасауы да мүмкін, деп жазады Wall Street Journal.

«Израиль аумағына жасалған кез келген шабуылға тойтарыс беретіні туралы Иранға хабарлама жіберді. Аталған ел үкіметі Иранның ядролық немесе мұнай инфрақұрылымына тікелей шабуыл жасайтынын мәлімдеді», — деп жазады басылым.

Мұндай сценарий орындалса мұнай бағасы шарықтайды деп есептей беруге болады.

Ақбота Ахмет

Сурет: freepik.com

Автор

  • Ақбота Ахмет

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Хабар», Caspionet, «Білім және Мәдениет» телеарналарында редактор- сценарист, Atameken Business медиа холдингіне қарасты inbusiness.kz сайтында тілші болған.

    Барлығын қарау
2024 Әлем елдері Бауыржан Шурманов Мұнай бағасы Таяу Шығыстағы қақтығыс Экономист Бауыржан Ысқақов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстан Таяу Шығыс аймағынан тұрғындарды алып келуді жалғастырып жатыр

09/03/2026
Фактчекинг

«Иран тікұшағы ма әлде сурет пе?» Желідегі бейнежазба қаншалықты рас?

06/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.