Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қыркүйекте Ұлттық қордан 945 млн АҚШ долларына валюта сатылған
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 02/10/2024

Қыркүйекте Ұлттық қордан 945 млн АҚШ долларына валюта сатылған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 481,11 теңгеге дейін 0,1%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 210 млн АҚШ долларынан 221 млн АҚШ долларына дейін артты. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан 945 млн АҚШ долларына валюта сатылған. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 20%-ын және күніне 45 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады.

Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 40%-ға дейін ұлғайту мақсатында қыркүйекте биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алу операциясын жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 11%-ын құрады.

«Ұлттық қорға «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның акцияларын сатып алу туралы Үкімет шешімін іске асыру аясында Ұлттық Банк шілдеде Ұлттық қордағы валюталық активтердің бір бөлігін сату арқылы Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне конвертациялады. Нарықтың бейтарап қағидатын сақтап, осы операцияны валюта нарығына шығару үшін банк шілде айының ортасынан бастап сатып алынған көлемді біркелкі сатуға кірісті.

Аталған операция аясында Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі қыркүйекте 241,5 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылғы қазанда 240 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде алтын-валюта резервтерінен валюта сатып алу күтіліп отыр.

Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша осы айда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 1,3 млрд АҚШ долларынан 1,4 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

Қазанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 850 млн АҚШ долларынан 950 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу жоспарда бар», — делінген хабарламада.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді көздейді. Қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.

Сондай-ақ банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана бермек.

Айтып өтелік, өткен айда Ұлттық банк Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 900 млн доллардан 1 млрд долларға дейін валюта сатпақшы екені айтылды. Оған қоса «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын 230-250 млн долларға сатып алу жоспарланды.

Ал тамыз айында Ұлттық қордан 546 млн долларға тең валюта сатылғаны белгілі болды. Одан түскен қаржы республикалық бюджетке құйылады.

Сурет kursiv.media сайтынан алынды

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 АҚШ доллары Сауда-саттықтың жалпы көлемі Ұлттық қор
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

01/07/2025
жаңалық

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

01/07/2025
жаңалық

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Жаңа мақалалар

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

жаңалық 01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

жаңалық 01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрінің бұрынғы орынбасары Ақмәди Сарбасов тергеліп жатыр

01/07/2025

Тұрғындар үкіметке сумен қамту мәселесі бойынша 30 мыңға жуық арыз-шағым жолдаған

01/07/2025

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.