Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда тайландтық компания балық өнімдерін өндіреді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 30/09/2024

Қазақстанда тайландтық компания балық өнімдерін өндіреді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Тайландтық «Sea Value Plc.» компаниясы Қазақстанда консервіленген балық өнімдерінің өндірісін іске қосады.

Белгілі болғандай, 2025 жылы Алматы облысында балық өнімдерін қайта өңдеу жобасын іске асыру басталады. Жобаның инвесторы тайландтық – «Sea Value Plc.» компаниясы.

Шикізатты қазақстандық және ресейлік балық шаруашылықтары жеткізеді деп жоспарланған. Өндіріс қуаттылығы күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталмақ.

Алдағы уақытта компания ел аумағында өндірілетін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде үй жануарларына арналған азық-түлік, тауық ақуызы, тауықтан, балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, пісте мен бадам сүті және өзгелері бар.

Сондай-ақ, компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында өңірлік логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Хаб компания өнімдерін ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына импорттауға, сақтауға және таратуға арналған.

«Sea Value Plc.» – Таиландтағы екінші ірі консервіленген тунец өндірушісі. Компания өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.

Айтып өтелік, тамызда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Sea Value Plc.» Тай компаниясының Доктор Поджа Арамваттананонта президентімен кездесті.

Онда тараптар Қазақстанда консервіленген, өңделген балық өнімдерін, мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіретін зауыт құрылысын іске асыру мәселелерін талқылаған еді.

Сондай-ақ, алдын ала инвестиция көлемінің $6 миллионды құрайтыны мәлім болды.

Аталған компанияның Францияда қайта өңдеу зауыты және Нидерландыда филиалы бар. 2023 жылы компанияның кірісі $847 миллион құраған.

Жалпы қазір Қазақстанның балық өнімдері әлемнің 21 еліне экспортталып жатыр.

Үкімет 2021 жылғы сәуірде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдаған. Оның аясында 2030 жылға қарай 270 мың тонна балық өсіру, ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту және балықтың табиғи популяциясын 7 пайызға арттыру көзделіп отыр.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Sea Value Plc.» компаниясы 2024 Консервіленген балық өнімдері Қазақстан Тайланд
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.